21.02.2013, 14:53 3394

2015 жылға қарай Астанаға магистральді газ құбыры тартылады

"2015 жылға қарай елорда үшін газ жаңа энергия көзіне айналады. Өздеріңізге белгілі, Елбасының тапсырмасына сәйкес 2014 жылдың соңына қарай ҚазМұнайГаз Астанаға қуаты 210 мың текше м./сағат болатын екі авто-газ-үлестіру стансасын салумен бірге магистральді газ құбырын тартуды жоспарлауда", - деді И.Тасмағамбетов.

Астана. 21-ақпан. Kazakhstan Today - Таяудағы екі жыл ішінде Астанаға магистральді газ құбыры тартылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов жыл сайын өткізілетін халыққа есеп беру кездесуінде мәлім етті.

"2015 жылға қарай елорда үшін газ жаңа энергия көзіне айналады. Өздеріңізге белгілі, Елбасының тапсырмасына сәйкес 2014 жылдың соңына қарай ҚазМұнайГаз Астанаға қуаты 210 мың текше м./сағат болатын екі авто-газ-үлестіру стансасын салумен бірге магистральді газ құбырын тартуды жоспарлауда", - деді И.Тасмағамбетов.

Икімнің айтуынша, бірінші кезеңде қаланың индустриялды бөлігі мен жеке секторын газбен жабдықтау жоспарланған, сонда газ екі бағытта берілетін болады.

Иманғали Тасмағамбетов атап өткендей, жалпы алғанда қаланың тұтынуына 1,2 млрд текше метр газ қажет, бұл қаланың индустриялды бөлігі мен жеке секторын толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны