30.01.2013, 13:31 3195

2015 жылға қарай Қазақстанда "қағазсыз" ауруханаларға ауысу жоспарлануда

Қазақстанда іске асырылып жатқан денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру жобасы 2015 жылы аяқталады, деп хабарлады Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев Денсаулық сақтау министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында.

Астана. 30-қаңтар. Kazakhstan Today - 2015 жылға қарай Қазақстанда "қағазсыз" ауруханаларға ауысу жоспарлануды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда іске асырылып жатқан денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру жобасы 2015 жылы аяқталады, деп хабарлады Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев Денсаулық сақтау министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында.

"Ақмола облысы және Астана қаласы "қағазсыз" аурухана жүйесіне ауысты. Дүниежүзілік банк ауруханаларды ақпараттандыру жөніндегі үлкен жобаны жүзеге асыруда. Жұмыс 2013-2014 жылдары жақсы жүргізілсе. 2015 жылға қарай жаңа жүйеге толық ауысып аламыз", - деді вице-премьер.

Вице-премьердің айтуынша, ақпараттандыру процесі барлық өңірдің облыстық ауруханаларында жүргізіледі.

"Бір облысты немесе облыстың барлық негізгі ауруханаларын таңдау туралы екі нұсқа болды. Нәтижесінде біз, алдымен облыстың бас ауруханасын жаңа жүйеге ауыстырамыз және 2015 жылға дейін қалған ауруханаларды "қағазсыз" жүйеге өткіземіз деп шештік", деді Е.Орынбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны