10.02.2015, 19:52 4147

2015 жылғы 1 қаӊтардағы жағдай бойынша Қазақстанда онкологиялық ұйымдарда 150 436 науқас тіркеуде тұр

Обырды ерте анықтау нәтижесінде елімізде қатерлік ісіктен болатын өлім-жітім көрсеткіштері төмендеп келеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2014 жылы бұл көрсеткіш 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 94,0 құрады (2013 жылы - 99,49).

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ бас онкологы Қуаныш Нұрғазиев, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығыныӊ директоры Жәмилә Баттақова және Астана қаласыныӊ бас онкологы Мұхтар Төлеутаевтыӊ қатысуымен "Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулардыӊ профилактикасы туралы" тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қуаныш Нұрғазиев өз баяндамасында мәлімдегендей, 2015 жылғы 1 қаӊтардағы жағдай бойынша Қазақстанда онкологиялық ұйымдарда 150 436 науқас тіркеуде тұр (2013 жылы - 146 404 науқас). Онкологиялық науқастар саныныӊ артуына қатерлі ісік ауруларыныӊ көбеюі негіз болған. Бұл үрдіс әлемніӊ дамыған елдерініӊ барлығына тән. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ мәліметінше, 2020 жылға қарай әлемде 20,6 млн. онкологиялық дерттердіӊ жаӊа жағдайлары тіркеледі. Сонымен қатар, науқастар саныныӊ артуына қатерлі ісік ауруларын ерте анықтауға бағытталған 6 скринингтік бағдарламаныӊ іске асырылуы себеп болып отыр.

Тұрғындар арасында скринингтік зерттеулер жүргізу қатерлі ісік ауруларыныӊ алдын алу және ерте диагностикалауда барынша тиімді тәсіл боп табылады. Бүгінгі таӊда отандық денсаулық сақтау ұйымдарында ауруы ерте анықталған науқасты дертінен айықтыруға қажетті озық технологиялардыӊ барлығы бар.

Обырды ерте анықтау нәтижесінде елімізде қатерлік ісіктен болатын өлім-жітім көрсеткіштері төмендеп келеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2014 жылы бұл көрсеткіш 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 94,0 құрады (2013 жылы - 99,49).

Өз кезегінде Жәмилә Баттақова онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді азайту "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасыныӊ басым бағыттарыныӊ бірі екенін атап көрсетті. Бағдарлама аясында және Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күніне орай 2015 жылғы ақпанныӊ 2-11 күндері еліміздіӊ барлық өӊірлерінде обырдыӊ алдын алу және ерте анықтауға бағытталған онкүндік өткізілуде.

Шара барысында медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында (МСАК) және онкодиспансерлерде ашық есік күндері өткізіліп, нәтижесінде алдын ала мәліметтер бойынша 120 мыӊ адам бейінді мамандардан медициналық тексеруден өтіп, 40 мыӊнан аса адам кеӊес алды. Сондай-ақ, онкүндік шеӊберінде МСАК ұйымдарыныӊ 11,2 мыӊ қызметкеріне онкологиялық қырағылық және қатерлі ісік ауруларыныӊ алдын алу мәселелері бойынша семинар ұйымдастырылды.

Еске сала кетейік, Халықаралық обырға қарсы одақтыӊ бастамасымен жыл сайын әлемніӊ көптеген елдерінде 4 ақпанда Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні атап өтіледі. 2015 жылы бұл күн "Бұл қолжетімді" ұранымен өтті.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны