03.07.2015, 16:47 3561

2015 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде "Фолиант" баспасынан "Қазына" сериясымен жарық көрген "Алғашқы қадамдар" атты кітаптыӊ тұсауы кесілді.

"Ұлттық музейдіӊ ашылуы Қазақстанныӊ мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. Бір жылдыӊ ішінде Ұлттық музей еліміздіӊ мәдени кеӊістігінен өзіне лайықты орын тапты деп айтуға толық негіз бар. Енді, біз әлемдік қауымдастықтағы музей кеӊістігініӊ биігін бағындыруымыз керек.

Астана. 03 Шілде. Kazakhstan Today - Ұлттық музейдіӊ 1 жылдығына арналған кітапта музейдіӊ бүгінге дейін атқарған жұмыстары баяндалады. Сонымен қатар музейдіӊ құрылымдық бөлімшелері: "Ұлттық қазына" ғылыми-зерттеу институты, Есепке алу, сақтау, консервациялау және реставрациялау, Экспозициялық-көрме, Мәдени-ағарту және экскурсиялық жұмыс, Ақпараттық-имидж, Ғылыми кітапхана, Халықаралық ынтымақтастық және сыртқы байланыстар мен "Мәдени мұра" журналы қызметтерініӊ бағыттары мен жетістіктері туралы мағлұмат беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ұлттық музейдіӊ ашылуы Қазақстанныӊ мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. Бір жылдыӊ ішінде Ұлттық музей еліміздіӊ мәдени кеӊістігінен өзіне лайықты орын тапты деп айтуға толық негіз бар. Енді, біз әлемдік қауымдастықтағы музей кеӊістігініӊ биігін бағындыруымыз керек.

Бүгінге дейін бізге талай лауазымды қонақтар келді. Олардыӊ қатарында шет мемлекеттердіӊ президенттері, Үкімет жетекшілері, зиялы қауым өкілдері болды. Алыс-жақын шет мемлекеттердіӊ 20-ға тарта музейлерімен келісім-шартқа отырдық. Ұлттық музей жанынан "Ұлттық қазына" ғылыми-зерттеу институтын аштық. 9 көрме өткіздік. Ресей Ұлттық музейдіӊ көрмесін ұйымдастырдық. Осыныӊ барлығын музей қызметкерлерініӊ табысы деп білемін.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық музейге екі рет ат басын бұрды. Бір жолы музейдіӊ барлық залдарын қарап шықты. Бізге ақыл-кеӊесін айтты және музейдіӊ даму жоспарын бекітіп берді. Өз басым Елбасыныӊ Ұлттық музейге ерекше назар аударуын бізге жүктеп отырған жауапкершілігі мен міндеті және білдіріп отырған сенімі деп білемін", - деді Ұлттық музейдіӊ директоры Дархан Мыӊбай.

Айта кетейік, тұсаукесер аясында елорда күніне орай "Есілдегі жас қала, Елордасы - Астана" атты кітап көрмесі ашылды. Сонымен қатар мұнда Астана қаласыныӊ ЮНЕСКО, Қазақстан Ұлттық өнер университеті жанындағы көркемсурет мектептері мен "Индиго" көркемсурет мектеп оқушыларыныӊ Астана туралы салған көркем туындыларыныӊ көрмесі ұйымдастырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны