11.08.2015, 08:30 7550

2015 жылғы мемлекеттік білім гранттары иегерлерініӊ тізімі жарияланды

Гранттыӊ 500-і жоғары оқу орындарыныӊ дайындық бөлімдеріне берілсе, 29 668 грант 1 курсқа оқушылар қабылдауға арналды. Соныӊ ішінде күндізгі оқу бөліміне - 29 168, сырттай үшін 500 грант берілді. Білім гранттарын қабылдау құқығын конкурс жолымен анықталған 60 жоғары оқу орны жеӊіп алды.

Астана. 11 Тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін мемлекеттік білім гранттары иелерініӊ тізімі ресми БАҚ-та жарияланды. Еліміздіӊ барлық өӊіріндегі жұртшылық асыға күтіп отырған білім гранттары иегерлерініӊ тізімін МЫНА ЖЕРДЕН жүктеп алуға болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осылайша, мемлекеттік білім гранттарыныӊ иелерін анықтайтын комиссия 2015-2016 оқу жылына бөлінген 32 168 грант иегерлерін толық анықтады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Гранттыӊ 500-і жоғары оқу орындарыныӊ дайындық бөлімдеріне берілсе, 29 668 грант 1 курсқа оқушылар қабылдауға арналды. Соныӊ ішінде күндізгі оқу бөліміне - 29 168, сырттай үшін 500 грант берілді. Білім гранттарын қабылдау құқығын конкурс жолымен анықталған 60 жоғары оқу орны жеӊіп алды.

Көрсетілген басымдықтар есебімен 12 600 грант - түлектерді техникалық және технологиялық, 6000-ға жуық грант - педагогикалық, 2 690 грант ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы мамандықтары бойынша оқытуға бөлінді.

Еске сала кетейік, 2015 жылы білім гранттарын алуға 67 377 түлек қатысты. Олардыӊ 53 162-сі - қазақ, 14 215 орыс мектептерін бітірген.

Сол сияқты "Мәӊгілік ел жастары - индустрияға!" жобасы шеӊберіндегі квотаны алу үшін таласқа 6 457 мектеп бітіруші үміткер болды. Конкурсқа "Алтын белгі" төсбелгісініӊ 2 116 иегері атсалысты. Бұлардан бөлек, үміткерлер арасында Назарбаев зияткерлік мектептерініӊ 1 255 түлегі, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардыӊ 163 жеӊімпазы, жалпы білім беретін пәндер халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардыӊ 930 жеӊімпазы, республикалық және халықаралық спорт жарыстарыныӊ 816 жеӊімпазы, президенттік олимпиаданыӊ 6 жеӊімпазы бар. Олардыӊ бәрі білім беру грантын тағайындау кезінде басымдылықтар алды.

Конкурсқа қатысатындар арасында сондай-ақ 483 жетім баланыӊ I және II топтардағы 341 мүгедектіӊ бар екені атап көрсетілген. Сол сияқты соғысқа қатысушыларға теӊестірілген жеӊілдіктер мен кепілдіктер бойынша 20 абитуриент конкурсқа түсті. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасыныӊ азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтыныӊ 1 190 өкіліне квота қаралды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны