10.08.2015, 09:43 4188

2015 жылы 11 тамыз күні сағат 11.30-да Алматы қаласында химия-биология бағытында оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектебініӊ ашылу салтанаты өткізіледі.

Салтанатты шараға Алматы қаласы Икімі Б.Қ. Байбек және "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдары басқармасыныӊ төрайымы К.Н. Шамшитдинова қатысады. Сондай-ақ, шақырылған қонақтар арасында белгілі ғалымдар, саясат және қоғам қайраткерлері, педагогтер, оқушылар мен ата-аналар қоғамы мүшелері де бар

Астана. 10 Тамыз. Kazakhstan Today - Салтанатты шараға Алматы қаласы Икімі Б.Қ. Байбек және "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдары басқармасыныӊ төрайымы К.Н. Шамшитдинова қатысады. Сондай-ақ, шақырылған қонақтар арасында белгілі ғалымдар, саясат және қоғам қайраткерлері, педагогтер, оқушылар мен ата-аналар қоғамы мүшелері де бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Республикада Назарбаев Зияткерлік мектептерініӊ ашылуы Елбасыныӊ бастамасымен "20 Зияткерлік мектеп" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Алғашқы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2009 жылы Астана қаласында ашылды. Қазіргі таӊда елімізде 18 мектеп бар.

19 мектеп - Алматы қаласындағы химия-биология бағытында оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектебі 960 оқушыға арналып салынды. 9 блоктан құралған мектепте соӊғы үлгідегі мектеп жабдықтарымен жабдықталған 70 оқу сыныбы мен 25 зертхана орналасқан. Дәстүрлі оқу қабинеттері мен хертханалардан басқа, интеграция, техникалық үлгілеу, нано және биотехнологиялар, робототехника, жеке жұмыс жүргізу және психологиялық жеӊілдену кабинеттері бар. Физика, химия, биология пәндерініӊ кеӊейтілген зертханалары халықаралық заманауи талаптарға сәйкес жасалған.

Мектеп телестудиясы оқушылардыӊ шығармашылық және ғылыми қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл мектептіӊ басқа Зияткерлік мектептерден тағы бір айырмашылығы - әр түрлі бағыттағы техникалық үйірмелер жүргізілетін технотория зертханалары. Мектеп орналасқан ауданда тұратын оқушылар аталған үйірмелерге келіп қатысуларына болады.

Мектеп жаӊа компьютерлік жүйелермен, оқушыларға тиімді білім берумен қатар, мұғалімге де оқу үрдісін тиімді басқаруға қажетті заманауи компьютерлік техникалар, интерактивті электронды такталар, жоғары жылдамдықты интернет, инновациялық бағдарламалардыӊ құралдары қойылған мультимедиялық кабинеттермен жабдықтандырылған.

3 залдан тұратын мектеп кітапханасын да ерекше атап өтуге болады. Кітапхана қоры оқу-әдістемелік құралдар, классикалық және көркем әдебиеттер, отандық басылымдар, медиатекамен толықтырылған. Кітапхана оқушылар ізденіс, ақпараттарды талдау жұмыстарын жүргізе алатын ақпараттық орталық ретінде қарастырылған.

Мектептегі спорттық блокта үлкен және кіші спорт залдары, жаттығу залы және хореография залы бар. Мектеп алаӊында футбол, баскетбол және волейбол ойындарына арналған алаӊқайлар, теннис, жеӊіл атлетика алаӊдары және балалардыӊ демалыс аймағынан тұратын заманауи спорт кешені орналасқан.

Кеӊ әрі көп атқарымды 480 орындақ акт залы, 100 орындық дәрісхана және 50 орындық конференция залы мектепте түрлі іс-шараларды өткізуге арналған.

Оқушылар 500 орындық 2 үлкен асханада тамақтанатын болады.

Жатақхана корпусы Алматы қаласындағы екі Зияткерлік мектептіӊ 270 оқушысын қамтиды.

Қазіргі таӊда бұл мектепте Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президентініӊ "Өркен" Білім грантыныӊ 790 иегері білім алады. Конкурстан өткен 7-8 сынып оқушыларыныӊ орташа балы - 1000- нан 819-646 аралығында болса, 9-10 сынып оқушыларыныӊ жинаған орташа балы еӊ жоғарғы 60 балдан 28,6-23,4 аралығында болды. Назарбаев Зияткерлік мектебініӊ оқушыларына конкурстан іріктеліп алынған республиканыӊ 140 үздік мұғалімі сабақ жүргізеді. Сонымен қатар, Алматы қаласында ашылғалы отырған химия-биология бағытындағы зияткерлік мектеп жоғары оқу орындарымен байланыста жұмыс атқаратын болады, мектепте ғалымдар мен мұғалімдердіӊ бірлескен "Ғылым әлемін ашамыз!" жобасы іске асырылады. Бұл жоба оқушылардыӊ өнертапқыштық және зерттеушілік дағдыларын қалыптастырып, болашақ жас ғалымдарға өзіндік жеке ғылыми жобаларын жасауға бағыт береді.

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны