07.08.2015, 17:54 3940

2015 жылы Анталияда 12 қазақстандық қаза тапты

2015 жылдыӊ басынан бері Анталияда 12 қазақстандық қазап тапқан. Бұл туралы БАҚ өкiлдерiне ҚР СIМ ресми өкiлi Алтай Ибибуллаев мәлiмдедi

Астана. 7 Тамыз. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ басынан бері Анталияда 12 қазақстандық қазап тапқан. Бұл туралы БАҚ өкiлдерiне ҚР СIМ ресми өкiлi Алтай Ибибуллаев мәлiмдедi, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Памуккале-Анталия тас жолы туристер үшін айтарлықтай қауіпті. 2015 жылдыӊ басынан бері Анталияда 12 Қазақстан азаматы қаза тапты. Оныӊ үшеуі жол апатында мерт болса, 9 адам денсаулығына байланысты көз жұмды. Сондықтан біздіӊ консулдықтағы қызметкерлер қажетті көмекті көрсету үшін белсенді жұмыс істеп жатыр", - деді А.Ибибуллаев, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Естеріӊізге сала кетейік, 6 тамыз күні Түркияныӊ оӊтүстік батысындағы Денизли провинциясында Памуккале-Анталия тасжолында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады. Автобуста Қазақстанныӊ 7 азаматы болған. Жол апатында 18 жастағы Аида Сарабаева көз жұмды, оныӊ денесi демалыс күндерi Астанаға жеткiзiледi.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны