23.10.2015, 14:11 4144

2015 жылы әскери қызметшілерге арналған шамамен 100 000 шаршы метр баспананы күрделі жөндеу, салу және сатып алу жолымен тапсыру жоспарлануда

2015 жылы күрделі құрылыс және сатып алу, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілеріне арналған тұрғын үй қорындағы баспананы жөндеу арқылы шамамен жалпы ауданы 92 580 шаршы метр 1 324 пәтер қарастырылған

Астана. 23 Қазан. Kazakhstan Today - 2015 жылы күрделі құрылыс және сатып алу, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілеріне арналған тұрғын үй қорындағы баспананы жөндеу арқылы шамамен жалпы ауданы 92 580 шаршы метр 1 324 пәтер қарастырылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгінгі күні Астана, Алматы, Тараз, Өскемен, Семей, Қарағанды, Жаркент, Теміртау, Талдықорған, Шымкент, Қызылорда, Қостанай, Павлодар қалаларында жалпы ауданы 12 855 шаршы метр 187 пәтер сатып алу жүзеге асырылды. Сонымен бірге, тағы да 154 әскери қызметші мен олардыӊ отбасылары жылдыӊ басында күрделі жөндеуден кейін жаӊартылған баспанаға қоныстанды. Гвардейск кентінде 52 пәтерлік тұрғын үй, Шеӊгелді кентінде 60 пәтерден тұратын үй тапсырылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Күні бұрын толық жаӊартудан өткен, қалпына келтірілген, кірпіштен қаланған жатақханада 42-ге жуық пәтер Ақмол кентіндегі әскери бөлімде қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге тапсырылды. Күрделі жөндеуден кейін бұл тұрғын үйлерде терезелер, есіктер, жабын және инженерлік желілер толық ауыстырылды, қасбет жөнделді.

Жақын арада күрделі құрылыс арқылы Астана қаласында жалпы ауданы 29 704 шаршы метр тұрғын үй мен 298 пәтерден тұратын жатақхана тапсыру жоспарлануда. Нысандарда құрылыс жұмыстарыныӊ негізгі бөлігі аяқталды, әрлеу мен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

2009 жыл мен 2014 жыл кезеӊінде Қазақстанныӊ әртүрлі қалалары мен өӊірлерінде қызмет өткеріп жүрген 6 300-ден аса әскери қызметшініӊ тұрғын үй мәселесі шешілді. 6 336 пәтер, оныӊ ішінде 273 пәтерден тұратын 201 жекежай пайдалануға берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны