12.01.2016, 16:52 4110

2015 жылы автокөлік саласында 1 млрд теӊге айыппұл салынды

2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша көліктегі бақылау органдары автомобиль көлігі саласындағы заӊнаманы бұзған үшін 14023 әкімшілік материал толтырып, 1 млрд. теӊге айыппұл салды, деп хабарлады ҚР ИДМ баспасөз-қызметі

Астана. 12 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша көліктегі бақылау органдары автомобиль көлігі саласындағы заӊнаманы бұзған үшін 14023 әкімшілік материал толтырып, 1 млрд. теӊге айыппұл салды, деп хабарлады ҚР ИДМ баспасөз-қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Көбіне әкімшілік жауапкершілікке ірігабаритті және салмақ параметрлерін асырып жіберген автокөлік құралдарымен ереже бұзғандар тартылған. Олардыӊ саны - 5582, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Багаж және жүк, жолаушылар тасымалында 4135 құқық бұзушылық тіркелген.Шетелдік тасымалдаушылар тарапынан рұқсат жүйесі ережесін бұзу саны - 589

Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау ережесін бұзу дерегі - 562.Сонымен бірге, каботажды тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін бұзған 452 дерек тіркелді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны