10.08.2015, 13:28 3587

2015 жылы басынан қоғамдық жұмыстарға 55 мыӊға жуық қазақстандықтар қатысты

ҚР ДСИДМ Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығыныӊ мәліметінше, 2015 жылдыӊ бірінші жартыжылдығында қоғамдық жұмыстарға 54,4 мыӊ азамат қатысты, оныӊ ішінде 32,7 мыӊ адам (60%) ауылдық жердіӊ тұрғындары. 2014 жылдыӊ бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда, қатысушылардыӊ саны 1042-ге артық

Астана. 10 Тамыз. Kazakhstan Today - ҚР ДСИДМ Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығыныӊ мәліметінше, 2015 жылдыӊ бірінші жартыжылдығында қоғамдық жұмыстарға 54,4 мыӊ азамат қатысты, оныӊ ішінде 32,7 мыӊ адам (60%) ауылдық жердіӊ тұрғындары. 2014 жылдыӊ бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда, қатысушылардыӊ саны 1042-ге артық, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қоғамдық жұмыстар келесі аймақтарда жұмыспен қамтудыӊ кеӊ таралған шараларыныӊ бірі болып есептеледі: Оӊтүстік Қазақстан облысы - 5,2 мыӊ адам, Қызылорда, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында сәйкесінше 4,7 мыӊ, 4,5 мыӊ және 4,4 мыӊ адамды құрап отыр.

Ақысы төленетін қоғамдық жұмыстарға біліктілігі аз, қосымша және қосалқы жұмыстар жатады. Олар келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

И аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру, орманды бақтар, демалыс орындары мен туризмді дамыту және қамқорлыққа алу;

И ауылшаруашылық өнімдерін дайындау, қайта өӊдеу және сақтау, ауылшаруашылық жұмыстары;

И тұрғын үй қорыныӊ құрылысы мен қайта құру жұмыстары, тарихи-сәулеттік ескерткіштер мен қорық аймақтарын қалпына келтіру;

И автокөлік жолдарын жөндеу мен пайдалану;

И аулалардыӊ аумақтарын көріктендіруді, кіреберістер тазалығын, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын т.б. пайдалану,

Қоғамдық жұмыстарға жіберілген адамдардыӊ 33%-ы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы ұйымдарына қала, ауылдық елді-мекендер аумағын тазалауға көмектесті. 27%-ға жуық азаматтар аймақтарды экологиялық сауықтыру шараларына (абаттандыру мен көріктендіру) қатысты. Өзгелері құрылыс және ауылшаруашылық жұмыстарына, автокөлік жолдарын жөндеу мен пайдалану істеріне жұмылдырылды.

Қоғамдық жұмыстарға 17,7 мыӊ әйел адам қатысты. Бұл жалпы көрсеткіштіӊ 30%-ға жуығын қамтыса, 4,6 мыӊ адам (9%) табысы аз азаматтар, 28,4 мыӊ (52%) 1 жылдан астам жұмыссыз отырғандар азаматтарды құрайды.

Естеріӊізге сала кетейік, "Қазақстан Республикасыныӊ халықты жұмыспен қамту туралы" Заӊына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда орталық және жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырып, бюджет есебінен және жұмыс берушілердіӊ өтініші бойынша берілетін қаражат негізінде қаржыландырылады.

Жұмыс іздеп жүрген азаматтарға қосымша әлеуметтік қолдау көрсетуді көздейтін әлеуметтік пайдалы бағыттағы еӊбек әрекеті қоғамдық жұмыс болып табылады. Ақысы төленетін қоғамдық жұмыстарға жұмыспен қамту органдарына тіркелген жұмыссыз жүрген азаматтар қатысуға құқылы. Азаматтар қоғамдық жұмыстарға жұмыспен қамту органдарындағы өзініӊ тіркелу номеріне сәйкес кезекпен қатыса алады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны