19.02.2015, 17:57 4027

2015 жылы Қазақстанда 7,1 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған - ҚР ҰЭМ

Ағымдағы жылы 7,1 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев

Астана. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылы 7,1 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ағымдағы жылы 7,1 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған, оныӊ ішінде бюджет қаражаты есебінен - 561,7 мыӊ шаршы метр", - деді Е.Досаев, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Атап айтқанда, "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша қосымша 487 мыӊ шаршы метр тұрғын үй немесе 9 740 пәтер салып, тапсыру жоспарланып отыр.

"Ағымдағы жылдыӊ наурыз айында жергілікті атқарушы органдардағы кезекте тұрғандардыӊ басымдықты тұлғаларына 1353 пәтер, ағымдағы жылдыӊ екінші тоқсанында - 716 пәтер үлестіріліп, пайдалануға беріледі", - деп мәлімдеді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны