13.04.2015, 10:30 5340

2015 жылы Қазақстанда қызылшамен ырқаттанушылық деӊгейі 13 есе өсті

Қазақстанда 2015 жылғы 1 тоқсанында ағымдағы жылдыӊ ұқсас кезеӊімен салыстырғанда қызылшамен сырқаттанушылардыӊ саны 13 есеге өсті. Эпидемиологиялық жағдайдыӊ өршуімен қатар сырқаттанушылықтыӊ өсуініӊ негізгі себептерініӊ бірі егуді тоқтату болып отыр

Астана. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2015 жылғы 1 тоқсанында ағымдағы жылдыӊ ұқсас кезеӊімен салыстырғанда қызылшамен сырқаттанушылардыӊ саны 13 есеге өсті. Эпидемиологиялық жағдайдыӊ өршуімен қатар сырқаттанушылықтыӊ өсуініӊ негізгі себептерініӊ бірі егуді тоқтату болып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ағымдағы жылдыӊ 3 айында қызылшамен сырқаттанушылықтыӊ 1121 жағдайы тіркелген, ал 2014 жылы 84 жағдай.

Соӊғы 3 жылда қызылшамен сырқаттанушылықтыӊ эпидемиологиялық жағдайыныӊ өршуі бүкіл әлемде байқалады. Яғни, Батыс Еуропада қызылшаныӊ 100 мыӊнан аса жағдайы, ТМД елдерінде (Ресей Федерациясы, Грузия, Қырғыстан) - 14 мыӊнан аса жағдай тіркелген.

Ағымдағы жылы 4-ші наурызда Астана қаласында өткен Еуропа аймағын қызылшаға қарсы иммундау мәселесі бойынша дөӊгелек үстел шеӊберінде сөз сөйлеген педиатрия бөлімі және Испаниядағы Сантьяго жұқпалы аурулар университеттік клиникалық ауруханасыныӊ басшысы доктор Федерико Мартион Торрес вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулардыӊ, соныӊ ішінде қызылшаны алдын алудыӊ жалғыз әдісі вакцинациялау болып отырғанын атап өткенін естеріӊізге саламыз. Вакцинациялау жасанды иммунитетті жасауға ықпал етеді. Осы немесе басқа да ауруларға адам иммунитетініӊ болмауы аурудыӊ асқынуына және өлім жағдайларына алып келуі мүмкін.

"Вакцина дайындалды және бүкіл әлемде сәтті қолданылуда. Осыныӊ арқасында 6 млн. адамныӊ өмірі сақталды, қызылшамен сырқаттанғандардыӊ саны 1 млн. адамға қысқарды, және бұл айтарлықтай нәтиже. Сарапшы мәлімдегендей, 1 мыӊ бала қызылшамен ауырса, оныӊ ішінде 1 бала өледі деп бағаланған".

Алдында хабарлағандай, 2015 жылғы 15 қаӊтарда ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерініӊ қаулысымен 15 тен 19 жасқа дейінгі жастарды қызылшаға қарсы қосымша иммундауды жүргізу туралы шешім қабылданған.

ҚР Ұлттық экономика министрлігініӊ Тұтынушылардыӊ құқығын қорғау комитеті (бұдан әрі - ТҚҚК) қызылшаға қарсы сатып алынған моновакцинаныӊ көлемін, қажеттілігін, техникалық сипаттамасын анықтаған.

Қызылшаға қарсы егуді жүргізетін денсаулық сақтау ұйымдарын жоспардан тыс тексеру кезінде, қосымша иммундау кезеӊіндегі вакцинаны сақтаудыӊ және тасымалдаудыӊ температуралық режимініӊ "салқындату тізбегі" бұзылуы анықталмаған.

Иммундау кезінде республиканыӊ 5 облысынан қызылшаға қарсы егуден кейін жасөспірімдерден 396 өтініш тіркелді (Атыраудан - 26, Қарағандыдан - 32, Жамбылдан - 2, Оӊтүстік Қазақстаннан - 12, Маӊғыстаудан - 324 жасөспірім),оныӊ ішінде 264-і ауруханаға жатқызылған, қазіргі уақытта 264-і емделіп шықты.

Ағымдағы жылғы 19 ақпанда ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерініӊ қаулысымен қызылшаға қарсы қосымша иммундауды жүргізу тоқтатылған және ағымдағы жылғы 2-ші наурызда тоқтату 2015 жылғы мамырдыӊ 4-не дейін ұзартылған.

Болған жағдайды зерделеу үшін ҚР ДСИДМ-де құрамына ТҚҚК, республикалық медициналық орталықтарыныӊ өкілдері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ Қазақстандағы өкілдігі (бұдан әрі - ДДСҰ) кірген жұмыс тобы құрылған.

Бейінді мамандардыӊ қорытындысына сәйкес, қаралғандардыӊ арасында көп жағдайда эмоционалды жағдайына жататын симптомдарымен белгілері анықталған, бұл аурулардыӊ Халықаралық сыныптамасында "Күйгелектік", "Мазасыздану және қозғыштық" болып сыныпталған. ДДСҰ сарапшылары диагноздардыӊ дұрыстығын және жасөспірімдердіӊ ауруханада ары қарай болуыныӊ қажетсіздігін дәлелдеді. Көрсетілген белгілердіӊ себебі болып егудіӊ өзі емес, егу үрдісі болып отыр.

Қазақстанда қосымша иммундаудыӊ соӊғы кампаниясы 10 жыл бұрын жүргізілген, бұл республикада қызылшамен сырқаттанушылықтыӊ 16 мыӊнан 13 жағдайға дейін 100 есеге дейін жіті төмендеуіне алып келді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны