03.02.2016, 16:28 3209

2015 жылы Қазақстанда онкологиялық аурулармен сырқаттанған пациенттерге 13 мыӊнан аса жаӊа сызықтық үдеткіштіӊ негіізінде сәулелі терапия жүргізілді

Аталған орталықтар Денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында онкологиялық аурулармен сырқаттанған адамдар үшін емдеудіӊ жоғарғы технологиялық әдістерін қолжетімді ету мақсатында ашылған.

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ сәуір айынан бастап 191 онкологиялық аурулармен сырқаттанған адамдарға радиациялық онкологияныӊ жоғарғы технологиялы орталықтары құрылған Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтыныӊ (ҚазОРҒЗИ), Астанадағы онкологиялық диспансердіӊ, Семей қаласындағы аймақтық онкодиспансердіӊ және Ақтөбедегі М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті медициналық орталығыныӊ базасында жаӊа сызықтық үдеткіштіӊ негізінде сәулелі терапияныӊ 13292 сеансы өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған орталықтар Денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында онкологиялық аурулармен сырқаттанған адамдар үшін емдеудіӊ жоғарғы технологиялық әдістерін қолжетімді ету мақсатында ашылған.

Сызықтық үдеткіштерді қолдану пациенттерге ісікке жақын орналасқан сау ағзалар мен тіндерге зақым келтірмей, тек зақымданған ісік ошағын сәулелендіру арқылы сәулелі терапияны ұқыптылықпен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, емдеу курсы қысқарып, қажетті терапевтік тиімділікке қол жеткізіледі.

Онкологиялық аурулармен сырқаттанған адамдарды емдеудіӊ жоғарғы технологиялық әдістерін қолдану үшін мамандар әлемніӊ үздік клиникаларында (АҚШ, Франция) дайындықтан өтті.

Естеріӊізге сала кетейік, 2015 жылдыӊ наурызында Алматыда ҚазОРҒЗИ-да онкологиялық ауруларды емдеудегі бағдарламалық қамтамасыз ету мен медициналық жабдықтарды шығарудағы көшбасшы болып есептелетін Varian Medical System компаниясыныӊ "Truebeam" жаӊа сызықтық үдеткіші алғаш рет іске қосылды. Аталған жабдықты сатып алғаннан соӊ (бір құрылғыныӊ бағасы 1,366 млрд. теӊге) ҚР онкологиялық қызметі жаӊа сапалы деӊгейге шықты. Қазақстандықтар республика аумағынан шықпай-ақ, емдеудіӊ жоғарғы технологиялық әдістеріне қол жеткізді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны