29.12.2015, 14:45 4251

2015 жылы ҚР ДСИДМ ақпараттық-анықтама орталығыныӊ мамандары 334 мыӊнан астам қазақстандықтарға қызмет көрсетті

2015 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ бірегей ақпараттық-анықтама орталығына 334 мыӊ 083 азамат хабарласқан, оныӊ ішінде телефонмен қоӊырау шалғандар - 284 мыӊ 970, бос жұмыс орны туралы SMS-хабарлама жібергендер - 34 мыӊ 360-ты құраса, е-mail, web-, wаp-портал арқылы 14 мыӊ 753 хабарлама түскен. Барлық хабарламалар бойынша қазақстандықтарға онлайн режимде толық жауап беріл

Астана. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2015 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ бірегей ақпараттық-анықтама орталығына 334 мыӊ 083 азамат хабарласқан, оныӊ ішінде телефонмен қоӊырау шалғандар - 284 мыӊ 970, бос жұмыс орны туралы SMS-хабарлама жібергендер - 34 мыӊ 360-ты құраса, е-mail, web-, wаp-портал арқылы 14 мыӊ 753 хабарлама түскен. Барлық хабарламалар бойынша қазақстандықтарға онлайн режимде толық жауап берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ақпараттық-анықтама орталығы 2011 жылдан бері Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық базасында жұмыс істеп келеді. Азаматтар 1411 телефон нөміріне тегін хабарласып, әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру, еӊбек қатынастары, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап ала алады.

Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап аталған сервис арқылы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарға онлайн-консультация қызметі көрсетіліп келеді.

Сондай-ақ, қазақстандықтар 1411 нөмірі бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық мекемесініӊ жұмысына қатысты шағымдарын білдіре алады.

Орталыққа республика аумағында жұмыс істейтін барлық абоненттік нөмірлер мен ұялы байланыс түрлерінен тегін қоӊырау шалуға болады.

Кеӊес алумен қатар, әлеуметтік-еӊбек саласы мәселелері бойынша келесі ретте ақпараттық-анықтамалық қызметтер көрсетіледі:

е-mail: [email protected];

web-портал: www.info.mintrud.kz (ғаламтор арқылы);

wap-портал: wap.info.mintrud.kz (ұялы телефоннан).

Сондай-ақ, 1411 нөміріне SMS-хабарлама жіберіп, тиісті елді мекендегі бос жұмыс орындары туралы мәлімет алуға болады. Сұраным жіберілгеннен кейін ұялы телефонға көрсетілген мамандық бойынша бос жұмыс орны бар жұмыс берушілердіӊ байланыс мәліметтері көрсетілген хабарлама келеді. SMS-хабарлама форматы: *жұмыс*қала коды*мамандық#. Мысалы, *жұмыс*7172*көлік жүргізуші#.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны