30.01.2015, 15:37 5993

2015 жылы ҚР ҚК офицерлер құрамын аттестациялау екі кезеӊде өтеді

Аттестация жүргізудіӊ басты міндеттері - әрбір әскери қызметшініӊ кәсіби және іскерлік қабілеттерін, әлеуетті мүмкіндіктерін анықтау

Астана. 30 қаӊтар. Kazakhstan Today - Аттестация жүргізудіӊ басты міндеттері - әрбір әскери қызметшініӊ кәсіби және іскерлік қабілеттерін, әлеуетті мүмкіндіктерін анықтау, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аттестация - әскери қызметшілердіӊ атқаратын лауазымдарына сәйкестіктері мен оларды әрі қарай қызметте пайдалану перспективаларын, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қызмет мерзімін ұзартудыӊ орындылығын, әскери қызметшілерді даярлау (қайта даярлау) жұмыстарын жетілдірудіӊ бағыттарын айқындайды. Сонымен қатар, аттестация қызмет сатысымен көтерілу үшін әскери қызметшілердіӊ кадрлық резервін қалыптастыру немесе оқуға жіберу және әскери қызметшілерге кемшіліктерді жою жөніндегі кеӊестер әзірлеу міндеттерін атқарады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Биыл Қарулы Күштер офицерлік корпусын жоспарлы аттестациялау

2015 жылғы 12 қаӊтар мен 1 қараша аралығында екі кезеӊде өтеді. 2015 жылғы 12 қаӊтардан 1 маусымға дейін аттестациялаудан батальон (дивизион), база командирі, орынбасарлары және оған теӊ лауазымдарды атқаратын офицерлер өтеді. Сонымен қатар, қызметте және жеке тәртібінде айтарлықтай кемшіліктері бар офицерлер де тексеруден өтеді. 2015 жылғы 1 маусым мен 1 қараша аралығында өтетін аттестациялаудыӊ екінші кезеӊінде қалған офицерлер құрамы атестатталатын болады.

Аттестация барысын тиімді бақылау мақсатында кезеӊдері төрт шағын кезеӊге бөлінген.

Екінші кезеӊ екі бөлімнен тұрады.

Ир шағын кезеӊ соӊында офицерлік құрамды аттестациялаудыӊ қорытындылары БАҚ-та жарияланып, аттестация барысын талдау жұмыстары жүргізілетін болады.

Кадр органдардардан басқа, аттестациялауға психологтар, заӊгерлер, жауынгерлік даярлық және дене даярлығы офицерлері қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны