10.11.2015, 11:14 3724

2015 жылы ҚР ҚК офицерлерініӊ аттестатталу нәтижелері 20 %-ға жақсарды

ҚР Қарулы Күштерініӊ Құрлық әскерлерінде офицерлер құрамыныӊ аттестатталуы аяқталды. 2015 жылы Құрлық әскерлерініӊ кадрлық органдарымен 60-тан аса аттестаттау комиссиясыныӊ жұмысы ұйымдастырылды, олардыӊ отырыстарында бір жыл бойы 5,5 мыӊнан аса офицер қаралды

Астана. 10 қараша. Kazakhstan Today - ҚР Қарулы Күштерініӊ Құрлық әскерлерінде офицерлер құрамыныӊ аттестатталуы аяқталды. 2015 жылы Құрлық әскерлерініӊ кадрлық органдарымен 60-тан аса аттестаттау комиссиясыныӊ жұмысы ұйымдастырылды, олардыӊ отырыстарында бір жыл бойы 5,5 мыӊнан аса офицер қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аттестаттау барысында офицерлердіӊ анағұрлым маӊызды кәсіби тұстары, өзініӊ мамандығын, техника мен қару-жарақты, тактика негіздері мен жедел өнерді білуі, дене дайындығы, сондай-ақ жеке және моральдық-іскерлік қасиеттері бағаланды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Аттестаттау нәтижелері жалпы алғанда, біздіӊ офицерлер құрамыныӊ күнделікті және оқу-жауынгерлік қызметке құзыретті басшылық жасауы үшін қажетті дайындық деӊгейлері бар екенін көрсетті", - деді аттестаттау нәтижелерін қорытындылау барысында Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасы кадрлар басқармасыныӊ бастығы полковник Мейірбек Нұрбаев. "Аттестаттау қорытындысы бойынша 70%-дан аса офицер жоғары лауазымға ұсынылуға және оқуға түсуге лайық деп танылды. Бұл 20%-ға дерлік 2012 жылғы алдыӊғы аттестаттау нәтижелерінен асып түседі. Бұдан басқа, 32363 және 27943 әскери бөлімдерініӊ базасында алғаш рет аттестаттау бойынша нәтижелер мен қорытындыларды автоматты түрде өӊдей отырып, сараптамалық баға беру жүйесінде негізделген офицерлердіӊ аттестатталуы сынамадан өткізілді. Бұл жүйеніӊ негізінде барлық әскери қызметшілердіӊ қызметін бағалау бойынша жұмыс болашағы жатыр".

Аттестаттау қорытындысы бойынша офицерлердіӊ 3%-ы ғана атқарып отырған лауазымдарына сәйкес емес деп танылды. Олар өздерін анағұрлым жақсы жағын көрсете алатын басқа лауазымдарға ауыстырылды, ал бірқатар жауапсыз офицерлер теріс себептермен Қарулы Күштер қатарынан босатылды.

"Меніӊ ойымша, аттестаттаудыӊ басты нәтижесі әрбір офицерге өзініӊ кәсіби дайындығы мен қызметтік тыныс-тіршілігінде қандай аспектілер бойынша жұмыс жасау, қандай бағытта жетілдірілу, шыӊдалу қажет екендігі дербес көрсетілді. Одан басқа, барлық әскери қызметшілерге кәсіби, іскерлік, моральдық және психологиялық қасиеттерін, қызметтік тәжірибелерін, қабілеттіліктерін, бейімділіктерін және қызығушылықтарын негізге ала отырып, оларды әрі қарай қолдану перспективасы анықталды. Бұл барлық офицерлердіӊ кәсібилігін арттырудыӊ кепілі болуы тиіс", - деді полковник Мейірбек Нұрбаев.

"Искери қызмет пен әскери қызметшілердіӊ мәртебесі туралы" ҚР Заӊына сәйкес офицерлер құрамы әр 3 жыл сайын жоспарлы аттестаттаудан өтетінін айта кетейік.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны