10.07.2015, 17:40 4974

2015 жылы ҚР-да 128 мектеп пайдалануға беріледі - Б.Сапарбаев

Ол сондай-ақ, ағымдағы жылдан бастап қосымша ақшалай қаражат бөлінбестен кезеӊ-кезеӊмен 12-жылдық білім беру енгізілетінін еске салып өтті.

Астана. 10 Шілде. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылы 128 мектеп пайдалануға беріледі, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Бердібек Сапарбаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ағымдағы жылы 128 мектеп пайдалануға беріледі", - деді Б.Сапарбаев.

Бұдан өзге, ол Президенттіӊ апатты және үш ауысымды мектептерді жою туралы тапсырмасы 2020 жылға қарай орындалатынын атап өтті, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Ол сондай-ақ, ағымдағы жылдан бастап қосымша ақшалай қаражат бөлінбестен кезеӊ-кезеӊмен 12-жылдық білім беру енгізілетінін еске салып өтті.

"Ағымдағы жылдыӊ қыркүйегінен бастап біз бастауыш сыныптарда білім берудіӊ жаӊа стандарттарын, 30 мектепті апробациялау түрінде оқу бағдарламаларын енгізе бастаймыз, еліміздіӊ екі өӊірінде 10-11 сыныптарда жан басына шаққандағы қаржыландыру жалғасын таппақ", - деп нақтылады ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны