08.02.2016, 20:07 3168

2015 жылы шетел азаматтарына Қазақстанда жұмыс істеуге 32 мыӊнан астам рұқсатнама берілді

Еӊбек мигранттары шығатын негізгі елдер: Қытай - 13 373 адам, Түркия - 4844, Украина - 1620, Өзбекстан - 1303, Үндістан - 1235 болып есептеледі.

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 1 қаӊтардағы жағдай бойынша, Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға 32 363 рұқсатнама берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Олардыӊ ішінде 1987-сі бірінші санат (жетекшілер мен олардыӊ орынбасарлары), 5958 - екінші санат (құрылымдық бөлімшелердіӊ жетекшілері) бойынша берілген. ШЖК тартуға рұқсаттыӊ басым көпшілігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттар бойынша беріліп, тиісінше олар 13 968 және 10 450 адамды құрады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1592 жұмыс беруші бар. Оларда 468 мыӊға жуық Қазақстан азаматы еӊбек етеді, яғни жалпы жұмыскерлері саныныӊ 93,3% құрайды.

Еӊбек мигранттары шығатын негізгі елдер: Қытай - 13 373 адам, Түркия - 4844, Украина - 1620, Өзбекстан - 1303, Үндістан - 1235 болып есептеледі.

Сонымен бірге, 2015 жылы ШЖК тартатын жұмыс берушілер қазақстандықтар үшін 25 447 жұмыс орнын ашып, 5428 азамат кәсіби даярлықтан және қайта даярлаудан өтті, 12 639 жергілікті жұмысшы біліктілігін арттырды. 55 шетел мамандары қазақстандық кадрлармен алмастырылды.

Еске сала кетейік, ішкі еӊбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Үкіметі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілеп отырады.

2016 жылы республиканыӊ экономикалық белсенді тұрғындарына шаққанда (63,1 мыӊ адамға жуық) ШЖК тарту квотасы 0,7% мөлшерінде белгіленді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны