08.01.2015, 11:43 7167

2015 жылы ҰБТ-ныӊ өткізілу форматы өзгермейді - ҚР БҒМ

2015 жылы Ұлттық бірыӊғай тестілеуді өткізудіӊ форматы өзгермейді, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ баспасөз қызметінен.

Астана. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2015 жылы Ұлттық бірыӊғай тестілеуді өткізудіӊ форматы өзгермейді, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015 жылғы маусым айыныӊ 1-і мен 15-і аралығында елімізде Ұлттық бірыӊғай тестілеу (ҰБТ) өткізіледі, оған 100 мыӊнан астам мектеп түлегі қатысады деп күтілуде. ҰБТ оны өткізудіӊ арнайы пункттерініӊ базасында ұйымдастырылады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"ҰБТ қазақ және орыс тілдерінде бес пән: қазақ немесе орыс тілі, математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін), орыс тілі (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), таӊдау бойынша пән (таӊдаған мамандыққа байланысты, шығармашылық мамандықтары үшін таӊдау бойынша пән - еркін) бойынша өткізіледі", - делінген хабарламада.

Ир пән бойынша 25 тапсырма ұсынылады. ҰБТ-ны өткізуге үш жарым астрономиялық сағат (210 минут) уақыт беріледі. ҰБТ-ны қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

ҰБТ-ны объективті және ұйымдасқан түрде өткізуді Білім және ғылым министрлігінен арнайы дайындалған өкілдер қамтамасыз етеді. Барлық ҰБТ өткізу пункттерінде жергілікті атқару органдары және министрлік тарапынан тестілеуді табысты әрі жайлы тапсыруға қажетті жағдай жасалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны