10.02.2016, 16:17 2759

2015 жылы "ЖҚЖК 2020" бағдарламасы бойынша 156 мыӊға жуық қазақстандықтар жұмыспен қамтылды

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасыныӊ 2015 жылғы жүзеге асырылу нәтижесі мен оныӊ құралдарын жандандыру" тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасыныӊ 2015 жылғы жүзеге асырылу нәтижесі мен оныӊ құралдарын жандандыру" тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өз сөзініӊ басында ол халықты жұмыспен қамту - мемлекеттіӊ негізгі міндеттерініӊ бірі екенін, бұл туралы Елбасы өзініӊ халыққа жолдауларында бірнеше рет айтқанын атап өтті. Сондықтан ҚР ДСИДМ азаматтарды жұмыспен қамту бойынша тұрақты түрде белсенді шаралар қолданып келеді.

"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" (әрі қарай - "ЖҚЖК 2020") бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2015 жылы 156 мыӊға жуық азамат жұмысқа орналастырылды, оныӊ ішінде тұрақты жұмыспен қамтылған адамдар саны - 142,3 мыӊ. Өткен жылы бағдарламаға 4,4 мыӊға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 3 мыӊнан аса мектеп түлектері, бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 300 азамат, 280 оралман, 200 балалар үйініӊ тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасыныӊ қарауынсыз қалған балалар қатысқан болатын.

"ЖҚЖК 2020" бағдарламасыныӊ бірінші бағыты аясында (инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету) 2015 жылы 565 жоба жүзеге асырылып, құрылған жұмыс орындарына 8,6 мыӊ адам орналастырылды.

Екінші бағыт бойынша (кәсіпкерлікті дамыту арқылы арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарын дамыту) 6 мыӊнан астам адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтіп, микрокредит алды, оныӊ ішінде 4,1 мыӊға жуық адам алғаш рет өз істерін ашып, кәсіпкер болды. Нәтижесінде ағымдағы жылы қосымша 6,1 мыӊға тарта адам жұмыспен қамтылды.

"ЖҚЖК 2020" бағдарламасыныӊ үшінші бағыты бойынша (жұмыс берушініӊ қажеттілігі шеӊберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу) тегін оқумен 14 мыӊ азамат қамтамасыз етіліп, оныӊ 10,7 мыӊ адамы оқуларын тәмамдап, жұмысқа орналастырылды. 20,7 мыӊ азамат жастар практикасы аясында әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды. Сондай-ақ, 2015 жылы үшінші бағыт бойынша экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден 1200 адам көшірілді.

Сонымен қатар, мемлекеттіӊ қолдау шараларынсыз бос орындар базасындағы жұмыс орындарына 102 мыӊнан астам адам жұмысқа орналастырылды.

Сонымен бірге, Вице-министр 2015 жылы жұмыспен қамту шараларыныӊ аймақтық кешенді жоспарын жүзеге асыру нәтижесінде 423 мыӊ адам қамтылғанын, бұл жоспарланған көрсеткіштіӊ 131%-ын құрағанын айтып өтті. 396 мыӊ адам жұмысқа орналастырылып, оныӊ ішінде тұрақты жұмыс орындарымен 218 мыӊ адам қамтылды.

Сондай-ақ, Біржан Нұрымбетов Мемлекет басшысыныӊ 2015 жылғы 30 қарашадағы "Қазақстан жаӊа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты Қазақстан халқына Жолдауындағы жұмыссыздыққа жол бермеу бойынша берілген тапсырмасын орындау мақсатында ҚР ДСИДМ мамандары "ЖҚЖК 2020" бағдарламасын жандандыру бойынша жұмыс жүргізгенін мәлімдеді.

"Кәсіпорындарда жоғары білікті мамандардыӊ жұмыс орындарын сақтау мақсатында жұмыс уақытыныӊ қысқаруына байланысты еӊбекақыныӊ 2/3 бөлігін уақытша субсидиялау тетіктері енгізіледі. Сонымен бірге, кәсіпорын жұмыс орнын сақтаған жағдайда, қызметкерлерді, оныӊ ішінде жұмыс істейтін жастарды жұмыс берушілер тарапынан қоса қаржыландырумен немесе, толық мемлекет есебінен оқытуды ұйымдастыру қарастырылады", - деді Біржан Нұрымбетов.

Қосымша жұмыс орындарын құру үшін "ЖҚЖК 2020" аясында қолданылатын келесі құралдарды: инфраструктуралық жобаларға жұмысқа орналастыру, барлық мемлекеттік, салалық және өӊірлік бағдарламалар шеӊберінде іске асырылатын жобалардыӊ мүмкіндіктерін қолдану және кәсіпкерлікті дамыту үшін микрокредит беру күшейтілетін болады.

ҚР Үкіметі жұмыс орындарын құру мен сақтауға негізделген "ЖҚЖК 2020" бағдарламасындағы өзгерістерді 2015 жылғы 8 желтоқсанда мақұлдады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны