14.09.2015, 15:56 4507

2015ж. 1 тамызға еліміздегі халық саны 17 563,3 мыӊ адамды құрады

Қарастырылып отырған кезеӊде қайтыс болғандар саны 80,0 (78,6) мыӊ адамды құрады, бұл 2014ж. қаӊтар-шілдеге қарағанда 1,8% көп. Өлім-жітімніӊ жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,85 (7,83) қайтыс болғандарды құрады. 2015ж. қаӊтар-шілдеде республика халқыныӊ табиғи өсімі 2014ж. қаӊтар-шілдемен салыстырғанда 1,2 адамға немесе 0,8% азайып, 151,6 (152,8) мыӊ адамды құрады.

Астана. 14 Қыркүйек. Kazakhstan Today - 2015ж. 1 тамызға еліміздегі халық саны 17 563,3 мыӊ адамды құрады, соныӊ ішінде қалалықтар - 9 983,2 мыӊ (56,8%), ауылдықтар - 7 580,1 мыӊ адамды (43,2%) құрады. 2015 жылғы қаӊтар-шілдеде халық саны жалпы ел бойынша 145,6 мыӊ адамға немесе 0,8% өсті, 2014 жылғы 1 тамызбен салыстырғанда халық саны 254,6 мыӊ адамға немесе 1,47% өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өӊдеу нәтижесінде, 2015ж. қаӊтар-шілдеде туылғандар саны 231,5 (231,4) мыӊ адамды құрады. Туудыӊ жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,72 (23,04) туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеӊде қайтыс болғандар саны 80,0 (78,6) мыӊ адамды құрады, бұл 2014ж. қаӊтар-шілдеге қарағанда 1,8% көп. Өлім-жітімніӊ жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,85 (7,83) қайтыс болғандарды құрады. 2015ж. қаӊтар-шілдеде республика халқыныӊ табиғи өсімі 2014ж. қаӊтар-шілдемен салыстырғанда 1,2 адамға немесе 0,8% азайып, 151,6 (152,8) мыӊ адамды құрады. Табиғи өсімніӊ жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,87 (15,21) адамды құрады.

2015ж. қаӊтар-шілдеде республикада 1 жасқа дейінгі қайтыс болған нәресте саны 2 263 (2 411) адамды құрап, 2014ж. сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 6,1% азайды. Осы кезеӊде нәресте өлім-жітімініӊ коэффициенті 2014 жылғы қаӊтар-маусыммен салыстырғанда 10,42 промилледен 9,77 промиллеге дейін төмендеді. Нәресте өлім-жітімініӊ негізгі себебі - перинаталдық кезеӊде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2015 ж. қаӊтар-шілдеде 1 166 (1 319) нәресте қайтыс болды, бұл нәрестелер арасындағы өлімніӊ жалпы саныныӊ 51,5% (54,7%) құрады. Туа біткен ауытқулардан қайтыс болған нәрестелер саны 490 (481) немесе 21,7% (20,0%), тыныс органдары ауруларынан - 160 (184) немесе 7,1% (7,6%) және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 121 (111) немесе 5,3% (4,6%) адамды құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны