16.02.2015, 18:00 7824

2016 жылдан бастап әскери азаматтар толықтай мемлекеттік зейнетақы төлеу жүйесіне көшірілетін болады

1997 жылы жүргізілген зейнетақы реформасыныӊ талаптарына сәйкес, Қарулы Күштер қатарында болған жылдарына төленетін мемлекеттік зейнетақыны тек 1998 жылдыӊ 1-ші қаӊтарынан бастап қызмет еткендер немесе әскер қатарындағы өтілі 10 жылдан асқан азаматтар ғана ала алады. Ал 1998 жылдыӊ 21-ші қаӊтарынан бастап, әскер қатарына келгендер зейнетакқыларын жинақталған зейнетақы көлеміне қарай алады.

Астана. 16 ақпан. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ қаӊтар айынан бастап, Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінде қызмет етіп жүрген барлық азаматтар толықтай мемлекеттен зейнетақы алатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қорғаныс министрлігінен хабарланғанындай, бұл Қазақстанныӊ зейнетақы төлеу жүйесін жаӊғырту жөніндегі 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасыныӊ аясында қарастырылған. Осылайша әскер қатарында белгілі бір уақытқа дейін қызмет етіп немесе штатты ұйымдастыру мәселелері бойынша зейнетке шыққан азаматтар Отанды қорғау қызметінде болған жылдары үшін толықтай мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

1997 жылы жүргізілген зейнетақы реформасыныӊ талаптарына сәйкес, Қарулы Күштер қатарында болған жылдарына төленетін мемлекеттік зейнетақыны тек 1998 жылдыӊ 1-ші қаӊтарынан бастап қызмет еткендер немесе әскер қатарындағы өтілі 10 жылдан асқан азаматтар ғана ала алады. Ал 1998 жылдыӊ 21-ші қаӊтарынан бастап, әскер қатарына келгендер зейнетакқыларын жинақталған зейнетақы көлеміне қарай алады.

Сонымен қатар, биылғы жылдыӊ 1-ші қаӊтарынан бастап, Қазақстан Үкіметініӊ қаулысы негізінде Қарулы Күштерде қызмет етіп зейнетке шыққан азаматтардыӊ зейнетақылары 9 пайызға көтерілді. Естеріӊізге сала кетейік, Қарулы Күштер қатарында қызмет еткен жылдары үшін зейнетақы алатын азаматтардыӊ кемінде 25 жылдық еӊбек өтілі болуы керек. Оныӊ 12,6 жылын үздіксіз әскер қатарында өткізуі керек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны