18.03.2016, 14:11 5334

2016 жылдан бастап "Болашақ" стипендиясыныӊ үміткерлеріне қойылатын талаптар жеӊілдетіледі

2016 жылдан бастап "Болашақ" стипендиясыныӊ үміткерлеріне қойылатын талаптар жеӊілдетіледі, деді ОКҚ-да "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Ғани Нығыметов

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - 2016 жылдан бастап "Болашақ" стипендиясыныӊ үміткерлеріне қойылатын талаптар жеӊілдетіледі, деді ОКҚ-да "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Ғани Нығыметов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Өткен жылғы конкурстық іріктеу тәжірибесі бойынша 2016 жылдан бастап халықтыӊ құжаттар дайындау шығыстарын оӊтайландыру мақсатында құжаттар пакетін тапсыру нысанына талаптар жеӊілдетілді.Конкурстық іріктеуді кеӊінен анонстау және тұрғындарды барынша мол тарту мақсатында бағдарламаныӊ ресми әкімшісі ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүзеге асыруда. Олардыӊ шеӊберінде өӊірлерде өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдарда еӊбек ұжымдары арасында кездесулер мен брифингтер өткізілуде", - деді Ғ.Нығыметов, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны