11.09.2012, 14:19 4859

2016 жылға қарай оқушылардың 50 пайызы қосымша білім беру жүйесімен қамтылуы тиіс

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында "Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы" баяндама жасаған ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Астана. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today - 2016 жылға қарай оқушылардың 50 пайызы қосымша білім беру жүйесімен қамтылуы тиіс, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында "Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы" баяндама жасаған ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Оның сөзіне қарағанда ұлттық жоспарда оқушылар сарайы, музыка мектептері, жас техниктер мен натуралистер стансылары жұмыстарын түбегейлі өзгерту қарастырылған. Ел тарихында алғаш рет аталған ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жаңартылады.

"Оқытудың жаңа технологиялары мен интерактивтік, инновациялық формалары енгізілетін болады. Қазірдің өзінде жас техниктер мен натуралистерге және басқа та санаттарға арналған балалардың танымдық журналдары шыға бастады. Осының барлығы тұлғаның кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауына мүмкіндік береді. Оқушылардың бойында шығармашылық және инновациялық қызметке деген қажеттілікті қалыптастыруға ықпал етеді", - деді Б.Жұмағұлов.

Сондықтан да министрдің пайымынша, оған аймақтарда әкімдіктер барынша қолдау көрсетуі тиіс. Себебі, қазіргі уақытта елімізде оқушылардың қосымша біліммен қамтылуы небәрі 21 пайызды ғана құрайды. "2016 жылы қамтуды 50 пайызға жеткізу қажет. Осыған байланысты аймақтарда қосымша біліммен қамтуды арттыру бойынша нақты ұсыныстар әзірленуі тиіс", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны