19.04.2016, 13:17 5936

2016 жылғы 19 сәуірдегі су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Қостанай облысындағы Суриковка кентінде, Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл ауданыныӊ Корнеевка ауылында, М. Жұмабаев атындағы ауданныӊ Алуа ауылында, Қызылжар ауданыныӊ Бескөл ауылында, Темирязева ауданыныӊ Степное ауылында су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу жалғасуда.

Астана. 19 сәуір. Kazakhstan Today - Су тасқыны жағдайыныӊ тұрақтануына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізген Жамбыл және Қызылорда облыстары құтқару бөлімшелерініӊ күштері мен құралдары тұрақты жұмыс орындарына жіберілді. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы әріптестеріне көмек көрсеткен Алматы облысыныӊ құтқарушылары да тұрақты жұмыс орындарына жіберілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қостанай облысындағы Суриковка кентінде, Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл ауданыныӊ Корнеевка ауылында, М. Жұмабаев атындағы ауданныӊ Алуа ауылында, Қызылжар ауданыныӊ Бескөл ауылында, Темирязева ауданыныӊ Степное ауылында су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу жалғасуда.

Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардыӊ күштері еріген қар суын бұру жұмыстарын жүргізуде. Өткен тәулікте 5 сорғымен Шыӊсай сайы арқылы Тобыл өзеніне құйылатын 27 343 текше метр еріген қар суы тартып шығарылды (арақашықтығы 34 шақырымнан артық), басқа елді мекендерді су басу қаупі жоқ. 20 үй, 25 аула аумағы судыӊ астында қалып отыр. ТЖ-ны жоюға 72 адам, 25 бірлік техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылды.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысыныӊ Бескөл, Корнеевка, Алуа ауылдарындағы су басқан 10 үй мен 19 аула аумағынан еріген қар суын бұру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 49 адам, 20 бірлік техника, 4 мотопомпа жұмылдырылды.

Су тасқыны кезеӊініӊ басынан бастап Астана қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 1 733 930,62 текше метр, оныӊ ішінде өткен тәулікте 59 601 метр еріген қар суы тартып шығарылды.

Астана қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 46 909 метр уақытша бөгендер орнатылды.

Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында 203 444 қапқа инертті материал салынып төселді.

89 адам эвакуацияланды, оныӊ ішінде 62 адам туыстарыныӊ үйлеріне орналастырылды (Қостанай облысында - 34, Ақтөбе қаласы - 17, СҚО - 11), 27 адам уақытша эвакуациялау пункттерінде (Қостанай облысында - 21, СҚО - 6). Жалпы су тасқыны кезеӊініӊ басынан бастап 17 адам құтқарылды, 1024 адам эвакуацияланды.

Қауіпсіз жерлерге айдалған 2781 ірі және ұсақ қара малдыӊ 2460-сы аулаларына қайтарылды.

ҚР ІІМ ТЖ комитетініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны