31.10.2016, 15:58 7734

2016 жылғы 1 қарашада "Тәуелсіз Қазақстан" пойызы жолға шығады

"Тәуелсіз Қазақстан" пойызы 43 күн ішінде Қазақстаннныӊ 35 елді мекенінде аялдап, 14 желтоқсанда Алматы қаласына ат басын тірейді.

Астана. 31 қазан. Kazakhstan Today - Астана қаласы темір жол вокзалында 2016 жылғы 1 қарашада Қазақстан Халқы ассамблеясыныӊ бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған "Тәуелсіз Қазақстан" пойызы" республикалық акциясы жұмысыныӊ басталуына орай салтанатты іс-шара өтеді, деп хабарлайды Орталық коммуникациялар қызметі.

Акцияныӊ мақсаты Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді көрсету, халықтыӊ бірлігін нығайту, ел дамуыныӊ базалық басымдықтарыныӊ айналасында қоғамныӊ топтасуы болып табылады. Акция аясында түрлі мәдени және қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылып, медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмектер көрсету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім және тағы басқа салалар бойынша консультациялық кеӊестер беріледі.

"Тәуелсіз Қазақстан" пойызы" акциясы өз жұмысын үстіміздегі жылдыӊ 1 қарашада Астана қаласынан бастап, 14 желтоқсан күні Алматы қаласында аяқтайтын болады.

Акция кезінде пойыз республика бойынша 35 елді мекенге тоқтап, жергілікті халыққа, оныӊ ішінде зейнеткерлерге, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне және шалғайда орналасқан ауыл тұрғындарына қызметтерін ұсынатын болады.

"Қоғамдық Келісім" РММ Баспасөз қызметініӊ ақпаратына сәйкес, 2016 жылғы 1 қарашада сағат 13.35-те Астана бекетінде (ескі теміржол вокзалыныӊ алаӊында) Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған "Тәуелсіз Қазақстан" пойызы" республикалық акциясы басталады.

Республикалық әлеуметтік акцияныӊ мақсаты - Елбасы - Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ басшылығымен Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктермен таныстыру, халық бірлігін нығайту, мемлекет дамуыныӊ негізгі қағидаттары аясында қоғамды біріктіру, әлеуметтік және қоғамдық-мәдени іс-шаралар өткізу, халыққа медициналық, әлеуметтік және құқықтық қызмет көрсету, сондай-ақ ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік салалар бойынша консультативтік қызмет көрсету

Акцияныӊ салтанатты басталу рәсіміне ҚР Мемлекеттік хатшысы - Гүлшара Ибдіқалықова, ҚХА Төрағасыныӊ орынбасары - Ералы Тоғжанов, ҚР Парламентініӊ Мәжілісі Төрағасыныӊ орынбасары - Владимир Божко, ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаттары, ҚХА, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымыныӊ мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ қызметкерлері, қала тұрғындары қатысады.

Іс-шара барысында Қазақстан эстрадасы жұлдыздарыныӊ қатысуымен мерекелік бағдарлама өтеді.

"Тәуелсіз Қазақстан" пойызы 43 күн ішінде Қазақстаннныӊ 35 елді мекенінде аялдап, 14 желтоқсанда Алматы қаласында жұмысын аяқтайды. Пойыз қызметі аясында барлық әлеуметтік топтар қамтылады, әлеуметтік аз қамтылған топтарға, ҰОС ардагерлеріне, еліміздіӊ шалғайындағы тұрғындарға ерекше көӊіл бөлінеді.

Пойыз құрамында - ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаттары, ҚХА мүшелері, мәдениет пен спорт қайраткерлері, медицина қызметкерлері, әлеуметтік сала мамандары бар. Дәрігерлер тұрғындарға медициналық қызмет көрсетіп, кеӊес беру қызметін көрсетеді.

"Тәуелсіз Қазақстан" пойызы" республикалық акциясы - ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған ірі ауқымдағы әлеуметтік іс-шаралардыӊ бірі.

Акцияға Қазақстан Халқы ассамблеясы, ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаттары, "Қоғамдық келісім" ҚР Президенті жанындағы Республикалық мемлекеттік мекемесі, "Нұр Отан" партиясы, мәдениет және спорт, ғылым және білім, әділет, ұлттық экономика, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, ақпарат және коммуникация, ауылшаруашылығы, ішкі істер министрлігі, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, жастар ұйымдары мен БАҚ қатысады.

Акцияны өткізу серіктестері "Атамекен" ҰКП, "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ, "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ және өзге ұйымдар.

Акция барысында ҚР Парламенті Мәжілісі мен жергілікті маслихат депутаттарыныӊ, сондай-ақ, ҚХА қоғамдық келісім кеӊестерініӊ, медиаторларыныӊ қатысуымен ҚХА Қоғамдық келісім кеӊестері мен "Нұр Отан" партиясыныӊ қабылдау бөлімдерінде консультативтік қызмет көрсетіледі.

ҚХА қайырымдылық акциялары өтеді: поезд бағытындағы қалалар мен елді мекендер кітапханаларын кітаптар топтамасымен қамтамасыз ететін "Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ сыйы" акциясы; балалар мен жасөспірімдер үйіне баруды көздейтін "Қайырымдылық керуені" акциясы.

Жетекші шығармашылық ұжымдардыӊ, Қазақстанніӊ өнер шеберлері, сондай-ақ, өӊірлік дарынды жастардыӊ мерекелік концертін өткізу жоспарлануда.

Акция іс-шаралары бойынша әлеуметтік қызмет, денсалық сақтау, әділет органдары, ұлттық экономика, ауылшаруашылық, білім және ғылым, ақпарат және коммуникация және т.б. министрліктердіӊ өкілдері халыққа кеӊес қызметтерін көрсетеді.

Осы бөлім аясында ұйымдастырылады:

Жетекші және тар бейінді медицина қызметкерлерініӊ кеӊес қызметтері, толыққанды медициналық тексеру;

Илеуметтік мәселелер бойынша кеӊес қызметтері (Жұмыспен қамту 2020 жол картасына қатысу, қызметкерлердіӊ еӊбек құқығын қорғау, зейнетақымен қамтамасыз ету, жәрдемақы төлеу, т.б.);

Заӊ мәселелері бойынша кеӊес қызметтері (жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу, борышкер мүлкіне тыйым салуды болдырмау және алу, алименттерді төлеу, заӊды тұлғаны тіркеу немесе тарату, кәсіподақ қызметі бойынша және т.б.);

Ауылшаруашылық мәселелері бойынша кеӊес қызметтері (жер қарым-қатынасы, 2016 жылдыӊ жинау науқаны, кооперацияны дамыту, жеке қосалқы шаруашылық, ет мал шаруашылығы, сүт мал шаруашылығы, сумен қамтамасыз ету, өсімдіктерді қорғау бойынша, асыл тұқымды мал ісі, өсімдік шаруашылығы бойынша қаражаттандыру және т.б.);

Білім беру саласы бойынша кеӊес қызметтері (жоғарғы білім беру мәселелері, жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім туралы, техникалық және кәсіби білім берудіӊ басым бағыттары туралы және т.б.);

Тұтынушы құқығын қорғау мәселелері бойынша кеӊес қызметтері;

Бинестіӊ құқығы мен қызығушылығы мәселелері бойынша кеӊес қызметтері.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны