25.10.2016, 18:16 4539

2016 жылы "Алтын жүрек" сыйлығына 181 өтініш келіп түсті

Биылғы жылы Қазақстандағы қайырымдылық аясындағы жалғыз сыйлық "Алтын жүрек" өзініӊ 10 жылдық мерейтойын атап өтпек, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Алматы. 25 қазан. KazakhstanToday - Биылғы жылы Қазақстандағы қайырымдылық аясындағы жалғыз сыйлық "Алтын жүрек" өзініӊ 10 жылдық мерейтойын атап өтпек, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Осы жылдар ішінде "Алтын жүрек" - қайырымдылықтыӊ нышаны іспеттес, қазақ халқыныӊ мейірімді әрі атымтай жомарт жандарға бай екенін байқатып келеді.

Жыл бойы ұлттық сыйлық ұйымдастырушылары еліміз бойынша қайырымдылықпен айналысатын жандарды іздеді.

2016 жылы "Алтын жүрек" сыйлығына 181 өтініш келіп түсті. Олардыӊ 100-ге жуығы жеке тұлғалардан. Мәселен, үміткерлер қатарында мүгедек балаларға 10 млн теӊге аударған Рио олимпиадасыныӊ чемпионы Данияр Елеусінов, "Милосердие" қорына 5 млн.тенге аударған Қарағанды қаласыныӊ тұрғыны Нияз Сундиталиев бар.

Атап айтсақ, ұлттық сыйлық лауреаттары қатарында кәсіпкер-меценат Бауыржан Оспанов, Болат Ибілов, Айдын Рахымбаев, қоғам қайраткері Аружан Саин, мәдениет қайраткері Майра Ільясова, 11 баланы асырап алған Мұрат Қабылбаев.

Ұйымдастырушылар комитетініӊ мәліметтері бойынша 2015-2016 жылдар ішінде Қазақстан бойынша 15,8 миллиард теӊгеге қайырымдылық көмек көрсетілген. 9 спорт мектептері,5 бала-бақша, 10 жалпы білім беретін мектерге жөндеу жұмыстары жүргізілді. 3 мүгедек балаларға арналған мамандандырылған бала-бақша салынды. 500 ден астам жетім балалар жазғы демалыстарында түрлі демалыс лагерлеріне баруға жолдама алды. Демеушілер арқасында 10 компьютерлік сыныптар мен 8 аурухана жабдықталды. Жағдайлары төмен 900-ге тарта бала мектепке қажетті құралдармен қамтмасыз етілді. Ұлы отан соғысыныӊ 20 ардагерініӊ үйлеріне жөндеу жұмысы жүргізілді. 400 тыл ардагерлері мен соғыс ардагерлері қаржылай көмек алды.

"Алтын жүрек" ұлттық сыйлығыныӊ жеӊімпаздары 2016 жылы 27 қазан сағат 18:00де Алматы қаласындағы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында салтанатты рәсімде марапатталады.

Мерейтойлы "Алтын Жүрек" салтанатты марапаттау кешінде қазақ операсыныӊ жұлдызы Майра Мұхаммедқызы, халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген әртісі Нағима Есқалиева, отандық эстрада жұлдыздары Айша Байбосынова, Алишер Каримов, Маржан Арапбаева, Диана Шарапова, Бүркіт, "Жігіттер" тобы.

Сондай-ақ салтанатты кеште дәстүрлі жыл ішінде жасалған айтулы қайырымдылық шаралары көрініс табатын "100 қайырымды іс" атты фотокөрме назарға ұсынылады.

2016 жылғы "Алтын Жүрек" сыйлығына үміткерлер тізімі:

1. Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін" номинациясы- Рада Хайрушева (Орал қ), Екатерина Яценко, (Екібастұз қаласы, Павлодар обл), Сағадат Абышева, (Қарағанды обл)

2. "Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін" номинациясы- Мұрат Иділханов (Алматы қ), Абай Ноғаев (Шалкар қ, Ақтөбе обл), Никон Ким (Шу қ, Жамбыл обл.)

3. "Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін" номинациясы- Данияр Елеусінов (Астана), Біржан Қожақов (Орал), Дүйсенғали Оспанов (Қостанай)

4. "Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін" номинациясы- Жақсылық Үшкемпіров (Қызылорда), Шухрат Данбай (Павлодар), "Олимп"әскери-патриоттық клубы ( Владимировка ауылы, Қостанай обл.)

5. "Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін" номинациясы- Күляш Сәрсембаева (Алматы), "Цеснабанк" АҚ , Жанар Бүркітбаева (Тараз)

6. "Жыл меценаты" номинациясы- Азат Икімбек, (Алматы), Гульнара Дали (Астана), Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы

7. "Ақпараттық қолдаушы" номинациясы-"Асыл Арна" телеарнасы, "Қазақстан" телерадиокорпорациясы, "Добрые вести" әлеуметтік медиа-порталы

8. "Жылдыӊ қайырымды адамы" номинациясы-ГүлмираАбдрашева (Астана), РасимаТемербаева (Алматы), Темірлан Шайнүсіпов (Алматы обл.)

9. "Жылұйымы" номинациясы- "Евразийская группа" ЖШС, "Сбербанк" АҚ, "MetallPromGroup"ЖШС

10. "Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін" номинациясы- Ұлмекен Қожасова (Қарсақбай ауылы, Қарағанды обл.), Нияз Сүндеталиев (Қарағанды), Арман Қасымов (Атырау)

11. "Қазақстанныӊ өркендеуіне қосқан үлесі үшін" номинациясы-Фиона Коркоран (Ирландия), Анна Вербина (Мәскеу, РФ), Сухейль Матар Алькетби (БАИ)

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны