02.12.2015, 16:48 3954

2016 жылы Астанада қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны кеӊейтіледі

Астанада қалдықтарды басқарудыӊ өӊірлік бағдарламасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Елорданыӊ қоқыс өӊдеу кешені Астана-Павлодар тас жолыныӊ алтыншы шақырымында орналасқан.

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - Астанада қалдықтарды басқарудыӊ өӊірлік бағдарламасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Елорданыӊ қоқыс өӊдеу кешені Астана-Павлодар тас жолыныӊ алтыншы шақырымында орналасқан. Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигоныныӊ 1-ші ұяшығы аумағында жиналған қалдықтардыӊ жалпы көлемі 2,7 млн тоннаны құрайды. Ұяшықтар 2016 жылы әбден толады деп күтілуде. Қазіргі кезде келер жылы тапсырылатын ауданы 15,1 га екінші ҚТҚ полигонын салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жыл басынан бері Астана қаласында жиналған қалдық көлемі 516 мыӊ тоннадан асты, соныӊ ішінде 356 632 тоннасы - қатты тұрмыстық қалдық. 2014 жылы жалпы қалдық көлемі 570 мыӊ тоннадан артық болса, 2013 жылы 462,7 мыӊ тоннаны құрады, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Қазіргі кезде Астанада ҚТҚ жинау және шығару жұмыстарымен "Астана Тазарту" ЖШС және "Таза Илем-Астана" ЖШС айналысады. Кү сайын қала аумағынан коммуналдық қалдықтарды шығаруға 85 бірліктен астам мамандандырылған техника жұмылдырылады, 800-900 тонна ҚТҚ шығарылады.

2012 жылдыӊ желтоқсан айынан бастап қала аумағынан жиналған қоқыс көлемі "Алтын-ТЕТ" ЖШС қалдық өӊдеу кешеніне жеткізіледі. Бұл жерде қалдықтарды сұрыптау және екінші шикізатқа өӊдеу қарастырылған.

Зауыт жұмыс істеп тұрған кезден бері қалдық өӊдеу кешеніне 296 мыӊ тонна ҚТҚ шығарылды, оныӊ ішінде 115 мыӊ тонна ҚТҚ азайтылды, қайта өӊдеуге 30,7 мыӊ тонна шығарылды.

Айта кетейік, Астана қаласында қалдықтарды қайта өӊдеуді тереӊдетуді арттыру бойынша Мемлекет басшысыныӊ 2014 жылғы 25 сәуірдегі тапсырмасын орындау мақсатында, сондай-ақ, елордада қалдық өӊдеу саласыныӊ инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін Астана қаласыныӊ Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қалдықтарды басқару жөніндегі өӊірлік бағдарламаны әзірлеп жатыр. Осылайша, Астана қаласында қалдық өӊдеу зауытын салу бағдарламасын әзірлеу 2016 жылдыӊ екінші тоқсанында инвесторды анықтау жөніндегі халықаралық конкурс өткеннен кейін аяқтау жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны