26.01.2017, 20:08 6915

2016 жылы Қазақстанға 33,7 мыӊнан астам этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралды

2016 жылы 16 мыӊ 417 отбасы немесе 33 мыӊ 754 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, арнайы мәртебесін алды.

Астана. 26 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2016 жылы 16 мыӊ 417 отбасы немесе 33 мыӊ 754 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, арнайы мәртебесін алды.

Қазақстанға келген этникалық қазақтардыӊ көпшілігі, яғни, 65,5% - Өзбекстаннан келген. Сондай-ақ, 24,9% - Қытайдан, 3,2% - Түрікменстаннан, 2,7% - Моӊғолиядан, 3,7% - өзге елдерден оралған қандастарымыз.

Олардыӊ басым бөлігі, яғни 33,9% - Оӊтүстік Қазақстан облысына, 25,4% - Алматы облысына, 10,6% - Маӊғыстау облысына, 5,8% - Жамбыл облысына, 24,3% - еліміздіӊ өзге өӊірлеріне қоныстанды.

Елге оралған қандастарымыздыӊ 65,4% - еӊбекке қабілетті жаста болса, 16 жасқа дейінгілері - 28,6%, зейнеткерлер - 6% құрайды.

Еӊбекке жарамды этникалық қазақтардыӊ 10,8%-ныӊ жоғарғы білімі бар болса, 20,3%-ында орта арнаулы білім бар, 65% - жалпы орта білімі бар азаматтар, ал 3,9%-ныӊ білімі жоқ.

Естеріӊізге сала кетейік, "Кейбір заӊнамалық актілерге халықтыӊ көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заӊында этникалық қазақтарды тарихи отанына оралуын ыӊталандыру мақсатында:

- этникалық қазақтарға қоныстану өӊіріне қарамастан оралман мәртебесін беру. Оларға шетелдік азаматтарға қарағанда көші-қон полициясына хабарласу арқылы төлем қабілетін растаусыз уақытша тұру ықтиярхатын алу мүмкіндігі беріледі;

- этникалық қазақтарға Үкімет белгілеген өӊірлерге қоныстанған жағдайда әлеуметтік пакет беру. Сондай-ақ, еліміздіӊ кез келген өӊірінен Үкімет айқындаған екінші өӊірге қоныстанған оралманныӊ әлеуметтік қолдауды алуға мүмкіндігі болады. Егер олар қоныстанған өӊірден 5 жыл мерзімнен бұрын қоныс аударып кететін болса, алған көмектерін Үкіметке қайтару міндеттері қарастырылған.

- этникалық қазақтарға Қазақстан Республикасыныӊ азаматтығын беру мерзімін уақытша тұру ықтиярхатын алғаннан кейін 1 жылға дейін қысқарту көзделеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны