24.12.2015, 13:47 4160

2016 жылы Қазақстанныӊ Искери-теӊіз күштеріне арналып айлақ салынады

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ Искери-теӊіз күштері үшін егеменді Қазақстанныӊ тарихында алғаш рет корабльдерді арқандап байлауға, азық-түлік пен жанар-жағармай материалдарын тасымалдау, корабльдердіӊ ұдайы орналасуы үшін айлақ бой көтереді

Астана. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ Искери-теӊіз күштері үшін егеменді Қазақстанныӊ тарихында алғаш рет корабльдерді арқандап байлауға, азық-түлік пен жанар-жағармай материалдарын тасымалдау, корабльдердіӊ ұдайы орналасуы үшін айлақ бой көтереді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015 жылы ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ құрылу тарихындағы елеулі оқиғалардыӊ бірі Ақтау халықаралық теӊіз сауда айлағыныӊ аумағында салынатын корабльдердіӊ тұрақтауына арналған теӊіз айлағы құрылысыныӊ басталуы болды. Айлақтыӊ болуы ИТК-ніӊ жауынгерлік және күнделікті тыныс-тіршілігіне оӊ ықпал етеді, Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК ИТК-ніӊ корабльдері Баутино кентінде жалға алынған айлақта әскери-теӊіз базасынан 140 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл Ақтау қаласында тұратын әскери қызметшілердіӊ қызмет ету орындарынан өздерініӊ отбасыларына дейін ұзақ қашықтық болып табылады.

"ҚР ҚК ИТК корабльдердіӊ орналасу пунктініӊ құрылысы аяқталысымен Ақтау қаласыныӊ айлағында Искери-теӊіз күштеріне Каспий теӊізініӊ қазақстандық секторында ықтимал қауіп-қатерлерге тиімді және уақтылы ден қоюға, сондай-ақ Каспий теӊізініӊ кез келген ауданына корабльдердіӊ шығуын жедел жүзеге асыруға, тасымалдау мен материалдық-техникалық қамтамасыз етудіӊ барлық түрлерімен уақтылы қамтамасыз етуге, техниканыӊ мотоқоры мен қару-жарағын үнемдеуге мүмкіндік береді және жанар-жағармай материалдарына жұмсалатын шығынды анағұрлым қысқартады", - деді ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов.

Айлақтыӊ құрылысымен Ақтау қаласы айлағыныӊ аумағында ауданы 1.2 га бөлінген жер телімінде "Искери құрылыс" акционерлік қоғамы айналысып жатқанын айта кетейік. Бүгінгі таӊда су айдыныныӊ учаскесі 100%-ға дайын және айлақтыӊ қабырғасын құю үшін материалды әкелу жүзеге асырылды.

Искери-теӊіз айлағыныӊ құрылысы 2016 жылдыӊ аяғында аяқталады деп күтілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны