03.02.2017, 19:39 5956

2016 жылы Қазақстанныӊ медициналық ұйымдарында 5 мыӊнан астам шетел азаматтары емделді

2016жылы Қазақстанныӊ медициналық ұйымдарында 5000 шетел азаматтары емделді. Бұл 2015 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 1377-ға (28%)артық ( 2015 жылы - 3623, 2014 жылы - 3206).

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Өткен жылы Қазақстанныӊ медициналық ұйымдарында емделген шетел азаматтарыныӊ саны 2015 жылмен салыстырғанда 28%-ға артып, 5 мыӊ адамды құрады. Медициналық қызметтер Түркия, Үндістан, Ресей, Үлыбритания, АҚШ, Корея, Қытай сынды алыс-жақын шетел азаматтарына көрсетілді.

Шетелдік пациенттердіӊ арасында консультативтік-диагностикалық, стационарлық, нейрохирургиялық, кардиохирургиялық, травматологиялық қызметтер, сонымен бірге, трансплантология және т.б. сұранысқа ие.

"Нейрохирургия ұлттық орталығы пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасыныӊ Joint Commission International еӊ жоғары халықаралық стандартымен сертификатталған. Аталған ұйым әлем бойынша шетел азаматтарына арналған ауруханаларды тексеріп, стандарттаумен айналысады. Орталықтыӊ бұл стандарттарға сай келуі - медициналық туризмніӊ халықаралық нарығына жол ашты", - дейді Нейрохирургия ұлттық орталығы" АҚ-ныӊ Басқарма басшысы Серік Ақшолақов.

"Алғашқы жылдары нейрохирургия орталығына медициналық туризм бойынша қабылданған адамдар саны аз болатын. Өткен жылы алыс жақын шетел мен ТМД елдерінен емделуге 35 пациент келді. Біздіӊ орталықта ем алғысы келетін шетелдіктер саны күн санап өсуде. 8 жылда Нейрохирургия ұлттық орталығында 180-нен астам шетел азаматтарына ота жасалды", - деп хабарлады ол.

Денсаулық сақтау жүйесін жаӊғырту - пациенттерге медициналық көмек көрсету шараларыныӊ сапасы мен қолжетімділігін, қауіпсіздігін арттырып, еліміздегі медициналық туризмді дамытуға жағдай жасады. Айта кету керек, Қазақстанда көрсетілетін медициналық қызметтердіӊ бағасы шетелде көрсетілетін қызметтерден әлдеқайда арзан.

Мәлімет үшін: 2016жылы Қазақстанныӊ медициналық ұйымдарында 5000 шетел азаматтары емделді. Бұл 2015 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 1377-ға (28%)артық ( 2015 жылы - 3623, 2014 жылы - 3206).

Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығында жүрек-қантамырлары жүйесініӊ ауруларын емдеу мен диагностикалау бойынша инновациялық медициналық технологиялар енгізіліп, сәтті қолданылып келеді. Орталық жетістіктерініӊ бірі VAD -жүректіӊ жасанды қарыншасы имплантациясын ашық жүрекке бірегей, жоғарытехнологиялы оталар жасау бойынша Қазақстанныӊ 22 ел қатарына кіруі болып отыр. Орталық ғылыми-инновациялық даму аясында құрамында әлемніӊ үздік 5 емханасы бар заманауи қосымша жүрек жүйесін (HeartMate III) қолдану бойынша мультиорталықтандырыған клиникалық зерттеуіне қатысты.

Қазіргі таӊда медициналық туризмді дамыту бойынша жұмыс мамандандырылған және жоғарымамандандырылған медициналық көмек көрсетілетін "University Medical Center" корпоративтік қорыныӊ (әрі қарай - UMС) ұйымдары арқылы жүзеге асырылуда. Бүгінде Астанада орналасқан UMC барлық республикалық орталықтарыныӊJCI халықаралық сертификаттары бар және олар шетел азаматтарына медициналық көмек көрсету орталықтары болып табылады.

Сонымен бірге, медициналық туризм "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" АҚ-да белсенді түрде дамып келеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны