08.12.2015, 18:01 4056

2016 жылы ҚР Қарулы Күштері алғашқы қазақстандық дөӊгелекті броньдалған машиналармен толықтырылады

2016 жылы ҚР Қарулы Күштері қазақстандық өндірістіӊ алғашқы дөӊгелекті броньдалған машиналарымен толығатын болады. Бүгінгі таӊда жаӊа зауытта ҚР Қорғаныс министрлігініӊ тапсырысын іске асыру басталды.

Астана. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2016 жылы ҚР Қарулы Күштері қазақстандық өндірістіӊ алғашқы дөӊгелекті броньдалған машиналарымен толығатын болады. Бүгінгі таӊда жаӊа зауытта ҚР Қорғаныс министрлігініӊ тапсырысын іске асыру басталды. Дөӊгелекті броньдалған машиналардыӊ бірінші партиясы қазақстандық армияныӊ жарақтандыруына келесі жылдыӊ қаӊтарында келіп түседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бұл жауынгерлік іс-қимылдар ошағына экипажды жеткізуге арналған көлік машинасы. Ол торуылдан шабуыл жасаудан қорғалған, жоғары минаға қарсы қорғанысқа ие, яғни, түбі 8 кг, дөӊгелектіӊ астыӊғы жағы 14 кг, НАТО стандарттары бойынша баллистикалық, оққа қарсы қорғаныспен қапталған, Калашниковтыӊ сауыт бұзар патрондарына, Драгуновтыӊ мергендік винтовкасына төтеп береді", - дейді "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС-ныӊ бас директоры Ербол Сәлімов. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Салмағы шамамен 13 тонна броньдалған машина сағатына 110-120 шақырым жылдамдықта жүйткиді. Дөӊгелектері 70 оққа дейін төтеп береді. Бұл ретте машина тағы да 50 шақырымға дейінгі қашықтыққа қозғалуды жалғастыра алады. Броньдалған авто экипаждыӊ жандылығын қамтамасыз етеді және 8 адамды немесе бір бөлімшені тасымалдауға есептелінген.

Жылына зауыт 120-ға дейін мұндай броньдалған дөӊгелекті машиналарды шығара алатынын айта кеткен жөн. Заманауи жоғары технологиялық тиімді жабдық металл табағын лазермен пішу, броньды табақшаларды дәнекерлеуден бастап жабындарға лак-бояу жағу, құрастыру жұмыстарына дейінгі толық циклды іске асыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде кәсіпорында 100-ге тарта адам еӊбек етуде. Зауыттыӊ техникалық жабдықталуы әскери және азаматтық мақсаттағы дөӊгелекті техниканы өндіру саласында тапсырмалардыӊ кеӊ ауқымын шешуді қамтиды. Зауыт Қазақстанныӊ ішінде және шетелде өнімді іске асыруға, тапсырыс берушілердіӊ талаптарына сәйкес машиналарды әрі қарай жаӊарту және техникалық қызмет көрсетуге әзір.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны