01.10.2015, 16:52 12670

2016 жылы ұстаздар жалақысы 43-66%-ға өседі

Қазақстанда еӊбекақыны төлеудіӊ жаӊа моделін енгізу арқылы 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап білім беру саласы қызметкерлерініӊ жалақысы 43-66%-ға дейін артады, деп хабарлады ҚР білім жәенеи ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Ұстаздар күніне арналған "Үздік педагог" байқауыныӊ марапаттау салтанатында

Астана. 01 Қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда еӊбекақыны төлеудіӊ жаӊа моделін енгізу арқылы 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап білім беру саласы қызметкерлерініӊ жалақысы 43-66%-ға дейін артады, деп хабарлады ҚР білім жәенеи ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Ұстаздар күніне арналған "Үздік педагог" байқауыныӊ марапаттау салтанатында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап азаматтық қызметкерлердіӊ еӊбекақысын төлеудіӊ жаӊа моделі енгізіліп отыр. Бұл еӊ алдымен білім саласыныӊ қызметкелеріне қатысты. Мұғалімдердіӊ жалақысы олардыӊ білім деӊгейі, біліктілік санаты, еӊбек түрі, жүктемесіне байланысты анықталады. Жалақы үстеме ақысыныӊ жаӊа жүйесі енгізіліп отыр. Олар өтемдік және ынталандырушы болып бөлінеді. Өтемдік үстемеақылар жұмысшыныӊ еӊбек жағдайына байланысты болады, ал ынталандырушы үстемеақы еӊбектегі жоғары көрсеткіштері үшін сыйақы ретінде беріледі", деді сөз басында ведомсвто басшысы, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Министр жаӊа әдіс қолданыстағы жалақы жүйесініӊ олқылықтарыныӊ орнын толтыратынына және білім беру саласы мамандарыныӊ беделін артыратынына сенім білдірді.

Сонымен, барлық қызметкерлерді қоса алатын болсақ, жалақы 27%-ға өседі. Ал, педагог қызметкерлердіӊ жалақысы орташа есеппен 44%-ға артады.

"Соныӊ ішінде, білімі жоғары және біліктілік санаты жоғары мұғалімдердіӊ еӊбекақысы 66%-ға, білімі жоғары, І санаттағы жоғары білімі бар мұғалімдердіӊ жалақысы 51%-ға, орташа білімді және біліктілік санаты жоғары мұғалімдердіӊ еӊбекақысы 64%-ға және І санаттағы жоғары білімі бар мұғалімдердіӊ жалақысы 43%-ға артады. Осы мақсатта республикалық бюджеттен шамамен 200 млрд теӊге бөлінді", деп түсіндірді А.Сәрінжіпов.

Сондай-ақ, министр әріптестерін, педагогтарды, еӊбек ардагерлерін кәсіби мейрамы Ұстаздар күнімен құттықтады.

"Ұстаздыӊ өмірлік жолы жақсылық пен мейірімділікке, мемлекет алдындағы абыройлы міндетке толы. Сіздер адамныӊ мінезі, ұстанымы үлкен роль атқаратын мамандық иесісіздер. Ұстазы жақсыныӊ шәкірті озар", - деді Сәрінжіпов.

Естеріӊізге сала кетейік, Қазақстанда Ұстаздар күні қазан айыныӊ алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. Ағымдағы жылы ол 4 қазанға келіп тұр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны