28.05.2020, 15:51 7283

2016 жылдан бері сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жалпы 2000-нан аса адам сотталды

2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін соттардың үкімдерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жалпы сомасы 17 млрд. теңгеге 2000-нан аса (2169) адам түрлі көлемдегі айыппұлдарға сотталып, оның 10 млрд. теңгеге жуығы бюджетке төленді

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соңғы 5 жылда (2015-2019 жж. бастап а.ж. 5 айы) анықталған 145,3 млрд. теңгенің 100 млрд. теңгеге жуығы (97,5 млрд. теңге) мемлекетке өтелді.

Шығынды өтеу жылдан жылға артып келеді.

Егер 2015 жылы мемлекетке 5 млрд. теңге өтелсе (9,5 млрд. теңге анықталған), а.ж. тек 5 айында ғана бұл сома 6 есеге - 28,2 млрд. теңгеге (анықталғаны - 30,9 млрд. теңге) артты.

Анықтама:

- 2015 жылы 9,5 млрд.шығын анықталып, 4,9 млрд. өтелді;

- 2016 жылы 43,6 млрд. анықталып, 9,3 млрд. өтелді;

- 2017 жылы 15,8 млрд. анықталып, 13,9 млрд. өтелді;

- 2018 жылы 21 млрд. анықталып, 18,6 млрд. өтелді;

- 2019 жылы 24,5 млрд. анықталып, 22,6 млрд. өтелді;

- а.ж. 5 айында 30,9 млрд. анықталып, 28,2 млрд.өтелді.

А.ж. 5 айындағы шығынды өтеу бойынша көрсеткіштердің 2019 жылдың көрсеткіштерінен асып түскенін атап өткен жөн.

Тергеу барысында шығын тек бюджетке қолма қол қаражат енгізу жолымен ғана емес, сондай-ақ, құрылыс жұмыстарын орындау, тауарлар жеткізу, қызметтер көрсету, жер телімдері мен пәтерлерді мемлекеттік қорға қайтару жолымен де өтеледі.

2019 жылдың басынан бастап сыбайлас жемқорлық қылмыстық істері бойынша тәркіленіп, сатылған мүліктің жалпы сомасы 1 млрд. теңгеден асады.

Сонымен қоса, Агенттіктің сыбайлас жемқорлық қылмыстық істері бойынша тәркіленіп, сатылған мүлікке және қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүліктерге (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет істерә бойынша) тұрақты түрде мониторинг жүргізетінін атап өткен жөн.

Сондай-ақ, қабылданған алдын алу шараларымен 22,3 млрд. теңге бюджет қаражаты үнемделді.

Бұл нәтижеге қылмыстық істер бойынша жедел ден қоюда (17,5 млрд. теңгеден астам), тауарларды сатып алу бағаларына мониторинг жүргізуде (28 млрд. теңге) және мемлекеттік білім беру гранттарын магистратураға бөлуде (2 млрд. теңге) қабылданған шаралар аясында қол жеткізілді.

Мысалы, Түркістан облысында Кентау қаласының Тұрғын үй шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің келісімшарт сомасын 32 млн. теңгеден 135 млн. теңгеге дейін заңсыз арттыруына тоқауыл қойылды.

ТЖ режимін ескере отырып, адамдар жаппай шоғырланатын шараларды (Жамбыл облысындағы мерекелік дастархандар, БҚО Бөрлі ауданындағы күрестен республикалық турнир), сатып алуды тоқтату бойынша ұсыныстар енгізіліп, бөлінген қаражат бюджетке қайтарылды.

2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін соттардың үкімдерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жалпы сомасы 17 млрд. теңгеге 2000-нан аса (2169) адам түрлі көлемдегі айыппұлдарға сотталып, оның 10 млрд. теңгеге жуығы бюджетке төленді.

Аталған бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны