25.05.2020, 18:36 10587

Қазақстанда 2017 жылдан бері үздік мемлекеттік қызметшілер анықталып келеді

Биылғы жылы байқау жаңа форматта өткізіледі. Мықтыларды іріктеу қашықтан жүргізілетін болады.

Алматы. 25 мамыр. Kazakhstan Today - "ҚР Үздік мемлекеттік қызметшісі" байқауының жеңімпаздары ақтөбелік мемлекеттік қызметшілерді белсенді қатысуға шақырды.

Қазақстанда 2017 жылдан бастап, алдыңғы қатарлы мемлекеттік қызметшілерді анықтай бастады, осы кезден бастап Ақтөбе облысы бойынша аталған байқауға 130 мемлекеттік қызметшілер қатысты. Оның ішінде 2-уі жеңімпаз атанды.

Нұргүл Бертлеуова, 2017 жылдың жеңімпазы және Гүлмира Низарова, 2018 жылдың жеңімпазы.

"Біздің өңіріміздің дамуына өз үлесімді қосуыма мүмкіндік туды. Осы байқауда жеңіске жетуімнің арқасында мен бас маман қызметінен басқарма басшысының орынбасары қызметіне жоғарыладым", - деді Н. Бертлеуова.

Қатысушының айтуынша, байқау шарттары өз ісінің кәсіпқойларының жеңіске жетуіне есептелген, ал мұндай беделді байқауға қатысу көптеген мамандар үшін кәсіби міндетті орындауға ынталандырады.

Биылғы жылы байқау жаңа форматта өткізіледі. Мықтыларды іріктеу қашықтан жүргізілетін болады.

"Ағымдағы жылдың 22 мамырынан бастап біз байқауға қатысуға өтінімдер қабылдауды бастаймыз. Ол 2 кезеңде өтеді. Өңірлік және республикалық. Байқау шарттары бойынша мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес, құжаттарды қарау кезінде алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер қатыса алады", - деп түсіндірді облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы Мадина Сабирова.

Естеріңізге салсақ, байқау жыл сайын Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеу аясында 23 маусым күні мемлекеттік басқару жүйесінің үздік өкілдерін анықтау және көтермелеу, мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру мақсатында өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны