15.09.2016, 10:44 2829

2017 жылдан бастап базалық ЖОО-на даму бағдарламасы негізінде дербестік беру жоспарлануда

2021 жылдан бастап аталған тәжірибе қалған ЖОО-на жүргізілетін болады.

Астана. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2017 жылдан бастап ИИДМБ кәсіпорындарына кадрлар даярлауды жүзеге асыратын базалық ЖОО-на даму бағдарламасы негізінде дербестік беру жоспарлануда. 2021 жылдан бастап аталған тәжірибе қалған ЖОО-на жүргізілетін болады.

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам" Ұлт жоспарыныӊ 78 қадамында және 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасыныӊ білім және ғылымды дамыту бағдарламасыннда "Назарбаев Университетініӊ тәжірибесін ескере отырып ЖОО-дыӊ академиялық және басқарушылық дербестігін кезеӊ-кезеӊмен кеӊейту қарастырылған. Жеке меншік ЖОО-ныӊ халықаралық тәжірибеге сәйкес коммерциялық емес ұйымдарға ауысуы".

ЖООдарыныӊ ұйымдастырушылық-құқықтық формасыныӊ коммерциялық емес акционерлік қоғамға және басқа да ұйымдастырушылық-құқықтық формаларға айналуы еӊ алдымен әлемдік тәжірибеге жақындата отырып олардыӊ басқарушылық дербестігін кеӊейтуге, кірістілікті арттыруға және қаржылық модель қалыптастыруға бағытталған. Одан басқа бұл - жұмысқа тарту мәселесін дербес шешудіӊ, мамандықтар мен білім беру бағдарламалары кескінінде студенттердіӊ контингентін қалыптастырудыӊ, ЖООдарыныӊ академиялық құрылымн анықтаудыӊ мүмкіндігі.

Академиялық дербестік ЖОО-ныӊ студенттерді қабылдау мәселесінде, профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушылар арасындағы қатынасты орнатуда, білім беру бағдарламаларыныӊ, оқу жоспарлары және оқу бағдарламаларыныӊ құрылымы мен мазмұнын анықтаудағы құзыреттерді үлестіруді топшылайды.

Аталған қадамды іске асыруда нақты шаралар және жоолардыӊ академиялық және басқарушылық дербестігін кеӊейту жолдары қарастырылған. 2016 жылдан бастап 28 ЖОО-да ректорларды таӊдаушылық және бақылау кеӊестері енгізілуде, сонымен қатар, қоғам алдындағы есеп берушілік. 2017 жылдан бастап, ИИДМБ кәсіпорындарына кадрлар даярлауды жүзеге асыратын базалық ЖОО-на даму бағдарламасы негізінде дербестік беру жоспарлануда. 2021 жылдан бастап аталған тәжірибе қалған жоодарға жүргізілетін болады.

Мемлекеттік және ұлттық жоодарын жаӊа ұйымдастырушылық-құқықтық форма-100%мемлекеттіӊ қатысуымен комерциялық емес акционерлік қоғамға айналдыру тұспалданып отыр. Сонымен қатар, жеке меншік жооларды комерциялық емес білім беру ұйымдарына айналдыру механизмдері жетілдірілетін болады. ЖОО-ныӊ жаӊа ұйымдастырушылық-құқықтық формаға ауысуы бақылау кеӊестерініӊ құрылуын, эндаумент-қор, қаржылық іс әрекеттерге аудит өткізу және жыл сайынға жария есеп беруді қарастыратын болады.

Осыған байланысты, Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасын орындау мақсатында мемлекеттік органдарда келісілуде жатқан "Жоғары оқу орындарыныӊ басқарушылық және академиялық дербестігі мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊы жобасыныӊ Концепциясы даярланды.

Жоғары оқу орындарыныӊ басқарушылық және академиялық дербестігін кеӊейту ЖОО-лардыӊ интернационализацияныӊ кеӊеюі арқылы бәсекеге тұрақтылықты жоғарылатады деп күтілуде, білім беру бағдарламаларыныӊ дамуымен білім беру қызметініӊ экспорты, табыс көздерініӊ әртараптандырылуына және т.б. ЖОО-ныӊ өзі көрсеткен қызметініӊ нәтижелілігіне деген әлеуметтік жауапкершілігі артады, кадрлар даярлау сапасына, рухани бай, кәсіби шебер, инетллектуалды креативті, инновациялы қабыл алғыш болуы тиіс өскелеӊ ұрпақтыӊ заманауи көзқарасыныӊ қалыптасуына жауапкершілік артады. ЖООдары жаӊа білімніӊ және инновацияныӊ, сонымен қатар, заманауи біліктілікті қалыптастырудыӊ генерациялық орталықтарына айналады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны