17.12.2018, 13:54 4972

2017 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасаған үздік аудан деп Батыс Қазақстан облысыныӊ Теректі ауданы танылды

Батыс Қазақстан облысыныӊ Теректі ауданы коммуналдық желілердіӊ сапасы, жергілікті атқарушы орган жұмысыныӊ тиімділігі көрсеткіштері бойынша жоғары балл жинады. Сондай-ақ, ауданда шағын және орта бизнес субъектілерініӊ саны мен шағын және орта кәсіпкерліктен түскен салық аударымдарыныӊ көлемі бойынша оӊ үрдістер байқалады.

Астана. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 11 желтоқсанда Астана қаласында ҚР Президентініӊ қатысуымен бизнес жүргізу жеӊілдігі бойынша өӊірлер мен қалалар рейтингісініӊ қорытындысы бойынша Арнайы сыйлықпен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Мемлекет басшысыныӊ 2017 жылғы 31 қаӊтардағы "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында берген тапсырмасын орындау үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігі "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ-мен бірлесіп 2017 жылдан бастап бизнес жүргізу жеӊілдігі бойынша өӊірлер мен қалалардыӊ рейтингін жүргізуде.

Бизнес жүргізу жеӊілдігі бойынша өӊірлер мен қалалардыӊ рейтингін жүргізу жөніндегі әдістемеге (бұдан әрі - Идістеме) сәйкес бағалау екі деӊгейде жүргізілді: өӊірлік (14 облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қалалары) және аудандық (160 аудан мен облыстық маӊызы бар 37 қала, облыстардыӊ әкімшілік орталықтарын қоса алғанда).

Рейтинг ресми статистиканыӊ объективті деректеріне де, сауалнаманыӊ субъективті деректеріне де негізделеді.

Мәселен, Идістемеге сәйкес өӊірлер мен республикалық маӊызы бар қалалар үшін 13 статистикалық көрсеткіш және аудандар мен облыстық маӊызы бар қалалар (облыстардыӊ әкімшілік орталықтарын қоса алғанда) үшін 4 статистикалық көрсеткіш қарастырылған.

Сондай-ақ, әлеуметтік сауалнама әдісімен бағаланатын 5 фактор қарастырылған: реттеушілік ахуал, инфрақұрылым, бизнес үшін мемлекеттік қолдаудыӊ қолжетімділігі, адами капитал, қабылданатын шешімдердіӊ транспаренттілігі.

2017 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасаған еӊ үздік өӊір деп Қызылорда облысы танылды.

Қызылорда облысы шикізаттық емес сектор кәсіпорындарыныӊ негізгі капиталына сыртқы инвестициялардыӊ өсу қарқыны, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерініӊ саны, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерініӊ саны бойынша үздік нәтижелер көрсетті.

Өӊірде жергілікті атқарушы органдар жұмысыныӊ тиімділігі, бизнес үшін көліктік инфрақұрылым мәселелеріне ерекше көӊіл бөлінеді.

2017 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасаған үздік аудан деп Батыс Қазақстан облысыныӊ Теректі ауданы танылды.

Батыс Қазақстан облысыныӊ Теректі ауданы коммуналдық желілердіӊ сапасы, жергілікті атқарушы орган жұмысыныӊ тиімділігі көрсеткіштері бойынша жоғары балл жинады. Сондай-ақ, ауданда шағын және орта бизнес субъектілерініӊ саны мен шағын және орта кәсіпкерліктен түскен салық аударымдарыныӊ көлемі бойынша оӊ үрдістер байқалады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны