29.01.2018, 17:10 5599

2017 жылы Қапшағай қаласында 29 аула аумағы абаттандырылды

Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов Қапшағай қаласында болып, өз тапсырмасы бойынша жасалған абаттандыру жұмыстарыныӊ нәтижелерімен танысты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Талдықорған. 29 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов Қапшағай қаласында болып, өз тапсырмасы бойынша жасалған абаттандыру жұмыстарыныӊ нәтижелерімен танысты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Қапшағай қаласыныӊ әкімі Талғат Қайнарбеков облыс әкімі Амандық Баталовты қалалық саябақ аумағын дамыту тұжырымдамасымен, жағажай аумағын дамыту мен көп қабатты үйлердіӊ аулаларын абаттандыру сызбасымен, сол сияқты мәдениет үйлері мен дене шынықтыру-сауықтыру кешендері құрылысыныӊ жобалық үлгілерімен таныстырды. Презентация замануи ландшафтық дизайн элементтерін қолдана отырып жаӊғыртылған қалалық саябақта өтті.Облыс әкімі мәдениет үйлері мен ДСК жобаларын әлі де егжей-тегжейлі қарастыруды, десе де биылғы жылға жоспарланған құрылыс жұмыстарын мерзімінен кешіктірмей бастауды тапсырды.

Мұнан кейін облыс әкімі 104 орындық трибунасы бар жаӊа стадионда болды. Стадионныӊ жанында баскетбол, бокс, теннис, волейболойнайтын 5 спорттық алаӊ бар. Бұл жобаларды жүзеге асыруға 138,5 млн. теӊге бағытталған.

Сонымен қатар облыс әкіміне қалалық жағажайда жүргізілген құрылыс жұмыстары да көрсетілді. Мұнда да демалушыларға қолайлы жағдайлар қалыптастыру үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Жағажайға баратын жол салынып, автокөлікке арналған орын қарастырылған. Жүгіруге, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар төселіп, жол жамылғысы түрлі-түсті тастан жасалған.Жағалау аймағында 200 автокөлікке арналған автотұрақ бар. Барлық жұмыс 2017 жылдыӊ ақпанынан маусым айына дейін жүргізілді. Жобаны жүзеге асыруға 557,7 млн. теӊге жұмсалған.

Қаланы аралау бағдарламасытұрғын үйлер аулаларын көрумен жалғасты. Амандық Баталов 1-шағын аудандағы № 24, 25 үйлер алаӊдарында болып, ондағы футбол, ойын және спорттық алаӊдарды көрді. Кіре беріс жол мен тротуардыӊ асфальт жабындысы ауыстырылып, көгалдандырылған, орындықтар орнатылып, қоқыс жәшіктері қойылған. Абаттандырудыӊ ерекшелігі сол, бірнеше аула бір футбол алаӊына біріктірілген, жеке аумақтарда "МаксДорстройСервис" ЖШС дайындаған балалар әткеншектері, орындықтар, беседкалар қойылған. Серіктестіктіӊ бас директоры Александр Скоропатскийдіӊ айтуынша, аталмыш заттар ұзақ мерзім қызмет етеді, сапалы, қауіпсіз, қолайлы. Өз кезегінде Т. Қайнарбеков биылғы жылы аулаларды абаттандыру жобаларында тұрғындардыӊ ұсыныс-пікірлері ескерілгенін атап өтті. Енді бірқатар аулаларда хоккей алаӊдары да салынбақ. Жалпы өткен жылы Қапшағай қаласында 29 аула абаттандырылса, биылғы жылы тағы 30-ын жаӊғыртуға қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

Мұнан соӊ "Қапшағайжылу" МКК-ныӊ су жылыту қазандығына барған облыс әкімі мұндағы жаӊғырту жұмыстарына куә болды. Т.Қайнарбековтіӊ сөзіне сүйенсек, барлық жұмыстар жоспар бойынша және сапалы жасалуда, сонымен қатар Қапшағай қаласы мен Заречный ауылыныӊ қазандықтарын алдағы уақытта табиғи газға қосудыӊ техникалық шарттары алынған, бұл қатты отынға қарағанда әлдеқайда тиімді болады дейді мамандар.

Қапшағай қаласын аралау барысында облыс әкімі Амандық Баталов қаланы абаттандыру бойынша оӊды істер жасалып, тапсырмалар сапалы жүзеге асырылғанын атап өтті.

Жиынға қатысқан облыстыӊ аудан, қалаларыныӊ әкімдерін Қапшағайда жүзеге асырылып жатқан абаттандырылу бойынша жобалардан үлгі алуға шақырды.

- Иріптестеріӊіздіӊ оӊды тәжірибесін көӊілге түйіп қою керек. Қапшағайда тұрғын үйлердіӊ аулаларын көркейту жұмыстары сәтті жүргізіліп келеді.Бұл істі әрбір аудан, қалада жасауға болады. Бүгін аулалар, жағажай, саябақ аумақтары мен құрылыс алаӊдарында біршама көрнекті істердіӊ үлгілерді көрдік. Ирбір істе идеяларыӊызды айтып, бастамашыл болуларыӊыз керек, ал біз өз тарапымыздан барынша қолдау көрсетеміз, - дегенА.Баталов, бұдан әрі Қапшағайдағы сапарын облыс әкімдігініӊ көшпелі мәжілісімен жалғастырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны