27.07.2017, 19:43 3947

2017 жылы Қазақстаннан Қажылыққа шамамен 5000 жуық адам барады

Илемде коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз болып қалып отыр. ДДСҰ-ніӊ деректері бойынша 2012 жылдан бастап әлемде таяу шығыс респираторлық синдромы коронавирусымен ауырудыӊ зертханалық түрде расталған 2015 жағдайы тіркелген, оныӊ 703-і өліммен аяқталған, оныӊ 80%-дан астамы Сауд Аравиясында.

Астана. 27 шілде. Kazakhstan Today - Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы 2017 жылы тамыз айыныӊ соӊында Сауд Арабиясы Корольдігіне баратын қазақстандық зияратшылар сапарыныӊ басталатындығы туралы хабардар етеді.

Жыл сайын Қажылық кезінде 2,5 миллионнан астам мұсылман Меккеге барады, 2017 жылы Қазақстаннан Қажылыққа шамамен 5000 жуық адам барады.

Илемде коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз болып қалып отыр. ДДСҰ-ніӊ деректері бойынша 2012 жылдан бастап әлемде таяу шығыс респираторлық синдромы коронавирусымен ауырудыӊ зертханалық түрде расталған 2015 жағдайы тіркелген, оныӊ 703-і өліммен аяқталған, оныӊ 80%-дан астамы Сауд Аравиясында.

Коронавирусты инфекция - бұл айқын уланумен және респираторлық жолдардыӊ жоғары бөлімдерініӊ зақымдануымен сипатталатын (көп мөлшерде серозды бөліндісі бар ринит, әлсіздік, сырқаттық, тамағыныӊ жыбырлауы, құрғақ жөтел) респираторлы ауру. Аурудыӊ ағымы ауыр болған кезде өлім жағдайы жоғары пневмонияға асқынады.

Аумақтық Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіныӊ Департаменттеріжыл сайын мұсылмандардыӊ рухани басқармаларыныӊ өкілдерімен, зияратшылардыӊ сапары мәселелерімен айналысатын туроператорлармен міндетті түрде зияратшыларға вакцинациялауды жүргізуге бағытталған жұмысты жүргізеді, зияратшылар сапарға шыққан кезде және одан келген кезде өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды күшейту жөнінде шаралар қабылдайды.

Сапарға шығатын зияратшылардыӊ виза алуы үшін негізгі талап менингококкты инфекцияға вакцинациялау туралы қолданыстағы халықаралық сертификатыныӊ болуы болып табылады. Ағымдағы жылы менингококкты инфекцияға қарсы вакцинация зияратшылардыӊ едәуір көп саны тіркелген республиканыӊ 8 өӊірінде жүргізілетін болады, олар: Жамбыл облысы ("№1 емхана" ШЖҚ-дағы РМК, Тараз қ.), Батыс Қазақстан облысы ("Талап" АҚ, Орал қ.), Қарағанды облысы ("№1 емхана" КМК, Қарағанды қ.), Павлодар облысы ("№2 Емхана" ШЖҚ-дағы РМК, Павлодар қ.), Солтүстік Қазақстан облысы ("№1 қалалық емхана" ШЖҚ-дағы КМК), Оӊтүстік Қазақстан облысы (Шымкент қаласыныӊ Амбулаторлы хирургия, травмотология және гинекология орталығы), Алматы қаласы ("MS Help", Қарасай батыр көшесі, 30, Достық көшесініӊ бұрышы; Бұзұрбаев көшесі, 23), Астана қаласы ("Фармаком" емханасы, Майлин көшесі, 15).

Қажылық уақытында адамдар көп жиналатын жерлерде болған кезде жеке профилактика шараларын сақтау қажет:

- қолды сабынмен жиі жуу, дезинфекциялайтын сулықтарды пайдалану;

- жөтелген және түшкірген кезде сулықты пайдалану;

- ауырған адамдармен байланысқа түсуді болдырмау және олардыӊ жеке заттарын пайдаланбау;

- адамдар көп жиналатын жерлерде мүмкіндігінше бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;

- түйелер көп жиналатын жерлерге жақындамау және олармен тікелей байланысқа түсуді болдырмау;

- қайнатылмаған және пастерилденбеген түйе сүтін пайдаланбау, сондай-ақ ұйымдастырылмаған сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алмау;

- сырқаттанудыӊ кез келген белгілері пайда болған кезде дәрігерге жүгіну;

- сапардан қайтып келген кезде және аурудыӊ кез келген симптомдары (қалтырау, температурасыныӊ көтерілуі, сырқаттану, тамағыныӊ ауруы және басқалар) пайда болған жағдайда жақында Қажылыққа барғандығы туралы дәрігерді хабардар ете отырып, дереу медициналық ұйымға жүгіну қажет.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны