27.09.2018, 18:26 3943

2018-2019 жылдары жылу беру кезеӊінде адамдардыӊ қазасын және өрттерді санын азайту мақсатында азаматтық қорғау органдары іс-шаралар кешенін қарастырған

Жылу беру кезеӊніӊ басынан бастап аяқталуына дейін барлық білім беру ұйымдарында мектептегі жиналыстарда, сынып сабақтарында және ата-аналар жиналыстарында өрттердіӊ (оныӊ ішінде балалар отпен ойыны), өрттерде адамдардыӊ қаза болуыныӊ және жарақаттануыныӊ, улы және табиғи газбен улануыныӊ алдын алуға бағытталған профилактикалық әӊгімелесу өткізу жоспарлануда.

Астана. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Орталық коммуникациялар қызметінде суға шомылу маусымыныӊ аяқталуына, өрт қауіпті кезеӊніӊ өтуіне және жылу беру маусымына әзірлікке арналған баспасөз конференциясы болды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрініӊ орынбасары Юрий Ильин қатысты.

Юрий Ильин атап өткендей, шомылу маусымы басталғаннан бері ІІМ әкімдіктермен және мүдделі органдармен бірлесіп практикалық және профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізді.

Су айдындарыныӊ қауіпті және күзетілмейтін учаскелерінде (жабайы жағажайлар) құтқарушылар ТЖК мобильді құтқару бекеттерін ұйымдастырды.

ТЖД әкімдіктермен бірлесіп шомылуға тыйым салынған жерлерді белгіледі, ол жерлерде тыйым салу және ескерту белгілері орнатылды.

Жеке меншік жағажайлардаТЖК бөлімшелерінде дайындықтан өткен қоғамдық құтқарушылар есебінен объектілік құтқару бекеті құрылды.

Еліміз бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу үшін волонтерлік ұйымдар тартылды, "Жас Отан" жастар қанатымен бірге тиісті жоспар-графигі бекітілді. Барлығы 2 мыӊнан астам волонтер тартылды, олар 330 акция өткізуге, 123 мыӊ үгіт өнімі таратылды.

Жергілікті полиция қызметкерлері су айдындары мен жабайы жағажайлардағы (жабдықталмаған шомылуға тыйым салынған су айдындарыныӊ учаскелері) адамдар жаппай демалатын орындарда белсенді түрде су айдындарына жақын жерлерде демалушылардыӊ қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс қағидаларын сақтауы (спиртті ішімдіктер ішуге және азаматтардыӊ тыйым салынған жерлерде шомылуына жол бермеу) бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Мәселен, суға шомылу маусымы кезеӊінде 8 мыӊнан астам рейд жүргізілді, ИҚБтК "Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаӊ күйде келу" 440-бабыныӊ және "Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу" 364-бабыныӊ талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 2,5 мыӊ адам тартылды.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз маслихаты барысында Юрий Ильин қабылданып жатқан шараларға қарамастан, шомылуға арналмаған су айдындарында адамдардыӊ қаза болу фактілері тіркелгені туралы ақпарат берді. Бұл ретте, суға батқандардыӊ 85%-ы шомылу маусымыныӊ басында тіркелді.

Кейбір азаматтардыӊ өздерініӊ және жақындарыныӊ өміріне деген жауапсыз көзқарасын атап өту қажет, олар ауа райыныӊ қолайсыз жағдайларына қарамай, құтқарушылар мен жергілікті полиция қызметкерлерініӊ талаптарын елемей судан шықпады.

Адамдардыӊ еліміздіӊ су айдындарында қаза болуларыныӊ негізгі себептері:

1) өз күштерін толық бағаламау, қатты ағыс, аяқ-қолдарыныӊ құрысуы;

2) балық аулау кезіндегі ережелерді сақтамау;

3) су айдындарыныӊ маӊында қараусыз қалған балалардыӊ суға түсіп кетуі;

4) жүзе білмеу;

5) мас күйінде шомылу;

6) жүзу құралдарымен серуендеген кезде;

7) суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде.

Суға шомылу кезінде суға батып кеткен адамдардыӊ басым бөлігі суға түсуге жағдай жасалмаған орындарда тіркелді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихаты барысында Юрий Ильин өрт қауіпті кезеӊніӊ өтіп жатқаны туралы ақпарат берді.

Өрт қауіпті кезеӊніӊ басынан бері республикада 352 табиғи өрт орын алды, 2017 жылдыӊ ұқсас кезеӊімен салыстырғанда олардыӊ саны 44%-ға азайды (2017 жылы - 629).

2018 жылдыӊ өрт қауіпті кезеӊінде алдын алу шараларын қабылдау мен барлық азаматтық қорғау жүйесініӊ өзара іс-қимыл жасауыныӊ арқасында орман өрттерініӊ саны 38%-ға, дала өрттері 3 есе азайды.

Өрт қауіпті кезеӊніӊ басынан бастап орман алқаптарында мемлекеттік орман қоры аумағына жеке тұлғалардыӊ келуіне және көлік құралдарыныӊ кіруіне шектеу қою бойынша күн сайын патрульдеу, табиғи өрттердіӊ туындауыныӊ алдын алу үшін мемлекеттік өрт бақылау, жергілікті полиция қызметі және орман шаруашылығы мекемелерініӊ қызметкерлері есебінен жалпы саны 2 мыӊ адамнан тұратын 325 мобильді топ құрылды.

Аталмыш мобильді топтар 2 мыӊға жуық рейд жүргізді. Жүргізілген рейдтер нәтижесінде 177 тұлға анықталды және әкімшілік жауапкершілікке тартылды (рұқсат етілмеген жандыру, ауыл шаруашылығы егістіктеріндегі құрғақ шөптердіӊ бақылаусыз жануы, орылған егістіктерді жағу, орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтамау).

2018-2019 жылдары жылу беру кезеӊінде адамдардыӊ қазасын және өрттерді санын азайту мақсатында азаматтық қорғау органдары іс-шаралар кешенін қарастырған.

Мәселен, ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Айлық шеӊберінде (өрттердіӊ, адамдардыӊ қаза болуы және жарақаттануы талдауына қарай), Комитеттіӊ аумақтық бөлімшелерініӊ инженерлік-инспекторлық құрамы аула-ауланы аралау және тұрғын-үй секторыныӊ халқымен жиын өткізу кестелерін әзірледі. Жиын және аула-ауланы аралау кезінде жылу беру құралдарын пайдалануға дайындыққа, авариялық жағдайда тұрған істемейтін электр құралдарын қолдануға жол жібермеуге, халықтыӊ отты абайсыз пайдалануына ерекше назар ауадарылады.

Бұдан басқа, әлсіз адамдарға, тұрмысы нашар және көпбалалы отбасыларға тұратын тұрғылықты мекенжайы бойынша өртке қарсы насихаттау өткізіледі (1 топтағы мүгедектер, ҰОС қатысушылары, жалғызбасты зейнеткерлер).

Жылу беру кезеӊніӊ басынан бастап аяқталуына дейін барлық білім беру ұйымдарында мектептегі жиналыстарда, сынып сабақтарында және ата-аналар жиналыстарында өрттердіӊ (оныӊ ішінде балалар отпен ойыны), өрттерде адамдардыӊ қаза болуыныӊ және жарақаттануыныӊ, улы және табиғи газбен улануыныӊ алдын алуға бағытталған профилактикалық әӊгімелесу өткізу жоспарлануда.

Тұрғын-үй секторында профилактикалық жұмыстыӊ негізгі әдістерініӊ бірі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өртке қарсы насихаттау болып табылады. БАҚ-та өртке қарсы тақырыптағы материалдар орналастырылады, көрсетіледі. Сонымен қатар соӊғы он жыл ішінде халықтыӊ компъютерлік сауаттылығы мен ақпараттануыныӊ артқанын есепке алып, азаматтық қорғау органдары интернет-ресурстарды (әлеуметтік желілер, мессенджерлер) белсенді пайдаланады.

Жылу беру кезеӊінде өскелеӊ ұрпаққа ерекше назар аударылады, білім беру объектілерінде өртке қарсы іс-шаралар ұйымдастырылады, мектепте өткен жиналыстарында, сынып сағаттарында және ата-аналар жиналыстарында өрттердіӊ, адамдардыӊ өрттерде қаза болуыныӊ және жарақаттануыныӊ (оныӊ ішінде балалар ойыны), улы және табиғи газбен улануыныӊ алдын алуға бағытталған бағытталған профилактикалық әӊгімелесулер өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны