18.02.2016, 11:09 3890

2018 жылдан бастап Қазақстанда Ауруларды басқару бағдарламасы енгізіледі

Министр Қазақстан Республикасыныӊ Денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасыныӊ басты бағыттарыныӊ бірі - Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу болып табылатынын айтты (әрі қарай - АББ).

Астана. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ 2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша және 2016 жылғы алда тұрған міндеттер туралы кеӊейтілген алқа отырысында Министрлік басшысы Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Министр Қазақстан Республикасыныӊ Денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасыныӊ басты бағыттарыныӊ бірі - Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу болып табылатынын айтты (әрі қарай - АББ).

2013 жылдан бастап екі пилоттық аймақтыӊ - Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарыныӊ 7 емханасында АББ үш нозология бойынша енгізілуде: артериалдық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі және қант диабеті.

1213 АББ қатысушыларымен келісім жасалып, пациенттер жүргізетін өзін өзі бақылау күнделіктері берілді.

Келісімге сәйкес, медициналық ұйымдар АББ қатысушысы-пациентпен үнемі байланыста бола отырып, пациентке динамикалық бақылау жасайтын мультидисциплинарлық командаларды құрады.

Емханалар жанында пациенттерді өзіне өзі көмек көрсету қағидаларына, өз денсаулығына дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрететін, салауатты өмір салты мен өздігінен білім алу бойынша ақпараттық материалдармен қамтамасыз ететін денсаулық мектептері жұмыс істейді.

Ақпараттандырылған пациент өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізеді, денсаулығына әсер ететін факторларды бақылайды, сонымен бірге, пациенттіӊ мінез-құлқы өзгеріп, өз денсаулығы үшін жауапкершілігі арта түседі.

Осылайша, бағдарлама пациенттермен қатар медициналық қызметкерлерге өз ауруларын басқаруға, оныӊ асқынуына жол бермеуге мүмкіндік туғызады.

Жоба АББ қатысушысы-пациенттіӊ бойындағы жақсы өзгерістерді көрсетті: артериалдық гипертензиясы бар пациенттердіӊ 75%-ында процестіӊ тұрақталуы және артериалдық қысымды бақылау машықтарыныӊ қалыптасуы байқалды, созылмалы жүрек кемістігі бар пациенттерді ауруханаға жатқызу жағдайы 2 есеге азайды.

"Пилоттық аймақтардағы АББ-ны енгізудіӊ тиімді тәжірибесін ескере отырып, АББ-ны жүзеге асыру 2016-2017 жылдар аралығында - қосымша жаӊа 5 аймақта, 2018 жылдан бастап ҚР барлық облыстарында кезеӊ-кезеӊімен жүзеге асырылатын болады", - деді Тамара Дүйсенова.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны