30.05.2018, 19:24 3743

2018 жылдыӊ 1-2 маусым күндері Астанада Теӊге ілу және Аударыспақтан Азия Чемпионаттары өтеді

Азия чемпионаттарын көріп, еліміздегі этноспорттыӊ дамуына баға беру мақсатында ЮНЕСКО-ныӊ Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінен мәртебелі өкілдердіӊ келуі жоспарлануда. Чемпионаттардыӊ жалпы жүлде қоры - 14 миллион теӊгені құрайды.

Астана. 30 мамыр. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 1-2 маусым күндері "Астана қаласыныӊ 20 жылдығын мерекелеу" аясында Теӊге ілу және Аударыспақтан Азия Чемпионаттары өтеді.

Биылғы ұлттық спорттыӊ маусымашар дүбірлі жарыстарыныӊ басталуына санаулы күндер қалды.

1-2 маусымда Елордадағы "Қазанат" атшабарында Теӊге ілуден ІІ Азия чемпионаты және Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионаты ту көтереді.Астананыӊ 20 жылдық мерекесі аясында өтетін бұл чемпионаттарға Азияныӊ онға жуық мемлекетініӊ командалары бақ сынайды.

Сондай-ақ, осы Азия чемпионаттарын көріп, еліміздегі этноспорттыӊ дамуына баға беру мақсатында ЮНЕСКО-ныӊ Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінен мәртебелі өкілдердіӊ келуі жоспарлануда.

Чемпионаттардыӊ жалпы жүлде қоры - 14 миллион теӊгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны