28.08.2018, 19:39 9557

2018 жылдыӊ І жартыжылдығында нәрестелер өлімі 2,4%-ға төмендеді

Бұл туралы Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ алаӊында өткен брифингте Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығыныӊ директоры Риза Боранбаева мәлім етті.

Алматы. 28 тамыз. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ І жартыжылдығында нәрестелер өлімі 2,4%-ға төмендеді.

Бұл туралы Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ алаӊында өткен брифингте Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығыныӊ директоры Риза Боранбаева мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, 2018 жылдыӊ 6 айында нәрестелер өлім-жітімініӊ көрсеткіші 2,4%-ға төмендеп 8,2%-ды құрады (2017 жылдыӊ 6 айында - 8,4%). Көрсеткіштері республикалық мәннен жоғары деӊгейде қалып отырған өӊірлер: Қостанай облысы - 13,0%, Солтүстік Қазақстан - 12,3%, Ақтөбе облысы - 10,0%, Атырау облысы - 9,8%, Маӊғыстау облысы - 9,6%, Алматы облысы - 9,4%, Шығыс-Қазақстан - 9,4% және Оӊтүстік Қазақстан облысы - 8,7%.

Нәрестелер өлім-жітімініӊ жас ерекшеліктері бойынша құрылымына талдау жасаудыӊ көрсеткені - 32,6%-ды (2017 жылдыӊ 6 айында - 35,8%) ерте неонатальдық өлім-жітім құрайды, 23,5%-ды (2017 жылдыӊ 6 айында - 24,2%) кеш неонатальдық өлім-жітім және 43,9%-ды (2017 жылдыӊ 6 айында - 40%) постнеонаталдық өлім-жітім құрайды.

Нәрестелер өлім-жітімініӊ себептері құрылымында жетекші орындағылар - перинаталдық кезеӊде туындағандар - 53,4% (2017 жылдыӊ 6 айында - 53,7%), туа біткен даму ақауынан (әрі қарай - ТДА) - 20,8% (2017 жылдыӊ 6 айында - 24,3%), инфекциялық-паразитарлық аурулардан - 5,4% (2017 жылдыӊ 6 айында - 4,3%), тыныс алу органдарыныӊ ауруларынан - 4,8% (2017 жылдыӊ 6 айында - 4%) және бесінші жетекші орында жазатайым оқиғалардан - 4,2% (2017 жылдыӊ 6 айында - 4,7%).

Перинатальдық кезеӊ жағдайыныӊ құрылымы келесі патологиялармен ұсынылды: 1-ші орында - тыныс алу және жүрек-қан тамырларыныӊ бұзылыстары - көрсеткіші 67,1% (2017 жылдыӊ 6 айында - 65,5%). ЕНК (ерте неонаталдық кезеӊ) - 78,2%, КНК (кеш неонаталдық кезеӊ) - 50,2%. Соныӊ ішінде: Дистресс-синдром - 55,6% (ЕНК - 53,2%, КНК - 61,4%); Туабіткен пневмония -23,3% (ЕНК -20,9%, КНК - 29,0%); Асфиксия -12,9% (ЕНК - 16,3%, КНК - 4,8%).

2-ші орында перинаталдық кезеӊге тән инфекциялық аурулар тұр - 16,2% (ЕНК - 8,6%, КНК - 27,7%), оныӊ ішінде сепсис - 80,5% (ЕНК - 81,6%, КНК - 80,0%). Жатырішілік пневмония және инфекциялық аурулардыӊ даму жиілігі ана денсаулығыныӊ төмен индексіне және олардыӊ зәр-жыныс жолдарында қабынбалы аурулардыӊ болуына тікелей байланысты.

3-ші орында - геморрагиялық және гематологиялық бұзылыстар - 10,7% (ЕНК - 8,6%, КНК - 13,8%). Оныӊ ішінде бас сүйек ішілік және жарақаттанудан емес қан құйылулардан 89,7% (ЕНК - 86,8%, КНК - 92,5%).

Босанудан алған жарақаттан нәрестелер өлім-жітімініӊ 1,4 есеге өсуі алаӊдатады, 2017 жылдыӊ 6 айындағы 0,8%-дан 2018 жылдыӊ 6 айындағы 1,1%-ға. Босанудан алған жарақат салдарынан нәрестелер өлім-жітімі келесі өӊірлерде тіркелді: Оӊтүстік-Қазақстан облысында (2 бала - 3,0%), Астана қаласында (1 бала - 4,8%), Қарағанды облысында (1 бала - 3,2%) және Алматы облысында (1 бала - 1,8%). 2017 жылдыӊ І жарты жылдығында Астана қаласында ерте неонатальдық кезеӊде босанудан алған жарақаттан бала өлімініӊ тағы 1 жағдайы тіркеліп 5,5%-ды құрады.

Неонатальдық кезеӊде нәрестелерден айырылып қалудыӊ себептеріне жүргізілген талдау осындай босанудан алған жарақат, дистресс-синдром, асфиксия және жатырішілік пневмония тәрізді басқаруға келетін нәрестелер өлім-жітімініӊ алдын алуға болатынын көрсетті және ол жүктілікті, босануды қарау тәсілдеріне, нәрестелерге дер кезінде адекватты, дұрыс реанимация жасап және қарқынды ем жүргізуге байланысты,- деп сөзін аяқтады Р.Боранбаева.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны