22.08.2018, 20:02 4080

2018 жылғы 1 шілдеге еліміздегі халық саны 18 272,4 мыӊ адамды құрады

2018 жылғы 1 шілдеге еліміздегі халық саны 18 272,4 мыӊ адамды құрады, соныӊ ішінде қалалықтар - 10 529,1 мыӊ (57,6%), ауылдықтар - 7 743,3 мыӊ адамды (42,4%) құрады.

Астана. 22 тамыз. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 1 шілдеге еліміздегі халық саны 18 272,4 мыӊ адамды құрады, соныӊ ішінде қалалықтар - 10 529,1 мыӊ (57,6%), ауылдықтар - 7 743,3 мыӊ адамды (42,4%) құрады. 2017 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 238,1 мыӊ адамға немесе 1,3% өсті.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өӊдеу нәтижесінде, 2018жылғы қаӊтар-маусымда туылғандар саны 192,7 мыӊ адамды құрады, бұл 2017жылғы қаӊтар-маусымға қарағанда 1,8% көп. Туудыӊ жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,26 туылғандарды құрады.

2018жылғы қаӊтар-маусымда республика халқыныӊ табиғи өсімі 2017жылғы қаӊтар-маусыммен салыстырғанда 3,3 мыӊ адамға немесе 2,7% көбейіп, 125,9 мыӊ адамды құрады. Табиғи өсімніӊ жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,89 адамды құрады.

Қарастырылып отырған кезеӊде қайтыс болғандар саны 66,8 мыӊ адамды құрады, бұл 2017жылғы қаӊтар-маусымға қарағанда 0,1% көп. Өлім-жітімніӊ жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,37 қайтыс болғандарды құрады.

2018 жылғы қаӊтар-маусымда республикада 1 жасқа дейінгі1 626 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаӊтар-маусыммен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 1,3% көбейді.

Нәресте өлім-жітімініӊ негізгі себебі - перинаталдық кезеӊде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2018 жылғы қаӊтар-маусымда 782 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім саныныӊ 48,1% құрады. Туа біткен ауытқулардан 328 немесе 20,2%, тыныс органдары ауруларынан - 124 немесе 7,6%, инфекциялық пен паразитарлы аурулардан - 86 нәресте немесе 5,3% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан -73 немесе 4,5% нәресте қайтыс болды.

2018 жылғы қаӊтар-мамырда нәресте өлім-жітімініӊ коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 8,44 құрады.

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өӊдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаӊтар-маусымда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердіӊ тіркелу саны 2017жылғы қаӊтар-маусыммен салыстырғанда 26,5% кеміп,6 368 адам құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардыӊ тіркелу саны 14% көбейіп, 17171 адам құрады, көші-қонныӊ айырымы-10 803 адам болды.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда.

o ТМД елдерінен келгендердіӊ үлесі 77,2%;

o ТМД елдерге кеткендердіӊ үлесі 89,7% құрады.

Өӊіраралық көшіп-қонушылардыӊ үлесіне еліміздіӊ жалпы ішкі көшіп-қонушылар саныныӊ 44,9% кұрады. Өӊіраралық көші-қонныӊ оӊ айырымы:

o Астана қаласы - 5 748 адам;

o Алматы қаласы - 17 715 адам;

o Шымкент қаласы- 43222 адам қалыптасты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны