25.06.2018, 22:00 4343

2018 жылғы Ұлттық бірыӊғай тестілеу (ҰБТ) 20 маусым - 1 шілде аралығында өтеді

2017-2018 оқу жылында 147 023 түлек орта мектепті бітіріп, 29 мамыр - 9 маусым аралығында қорытынды аттестацияны тапсырды. "Алтын белгі" төсбелгісіне үміткер 6 892 түлектіӊ 6 780-і (98,4%) өз білімдерін растап, "Алтын белгі" төсбелгісін алды.

Астана. 25 маусым. Kazakhstan Today - 2017-2018 оқу жылындағы мектеп бітірушілерді аттестаттаудыӊ қорытындысы

2017-2018 оқу жылында 147 023 түлек орта мектепті бітіріп, 29 мамыр - 9 маусым аралығында қорытынды аттестацияны тапсырды. "Алтын белгі" төсбелгісіне үміткер 6 892 түлектіӊ 6 780-і (98,4%) өз білімдерін растап, "Алтын белгі" төсбелгісін алды.

Үздік аттестатқа үміткер 4966 үздік бітірушініӊ 4915-і (99%) өз білімдерін растады. Биылғы оқу жылында 1,2,7 сынып оқушылары жаӊартылған білім жүйесініӊ оқулықтарымен білім алды. Оқушылардыӊ білім сапасы жақсарды. Жалпы, оқу жылы жақсы көрсеткіштермен, сәтті аяқталды. Ата-аналар да, балалар да риза.

2018 жылғы Ұлттық бірыӊғай тестілеу (ҰБТ) 20 маусым - 1 шілде аралығында өтеді. Ұлттық тестілеу орталығыныӊ мәліметінше, биыл ҰБТ-ға қатысуға 92 827 түлек ниет білдіріп, өтініш жазған. Олар биылғы мектеп бітірушілердіӊ жалпы саныныӊ (131 377) 70% құрап отыр. ҰБТ тапсыруға ниетті 69 209 түлек қазақ тілінде, ал 23 618 - орыс тілінде тапсырады. ҰБТ 165 тапсыру пунктініӊ 1431 аудиториясында өткізіледі. Барлық аудиториялар байланыс сигналдарын бөгейтін құрылғылармен, металл детекторларымен, ҰБТ барысын бақылау және жазу бейнекамераларымен, сондай-ақ, онлайн тарату камераларымен жабдықталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны