24.01.2018, 14:55 4319

2018 жылы 2,7 млрд. теӊге сомаға гепатитке қарсы 6 перепарат сатып алынатын болады

2018 жылға қазақстандықтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 2,7 млрд. теӊге сомаға вирустық гепатитті емдеу үшін 5 препараттыӊ атауы және В вирустық гепатитына қарсы вакцина Бірыӊғай дистрибьютордыӊ жүйесі арқылы сатып алынды.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2018 жылы 2,7 млрд. теӊге сомаға гепатитке қарсы 6 перепарат сатып алынатын болады, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

2018 жылға қазақстандықтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 2,7 млрд. теӊге сомаға вирустық гепатитті емдеу үшін 5 препараттыӊ атауы және В вирустық гепатитына қарсы вакцина Бірыӊғай дистрибьютордыӊ жүйесі арқылы сатып алынды. Қазақстанда әлеуметтік маӊызы бар ауру ретінде вирустық гепатиттіӊ емделуіне көп көӊіл бөлінуде. Осы ауруларды емдеуге арналған препараттардыӊ қолжетімділігі 2018 жылы алдыӊғы жылдармен салыстырғанда 3,6 есеге артты.

Вирустық гепатиттіӊ емі үшін Бірыӊғай дистрибьютор жыл сайын Пэгинтерферон альфа 2b және Рибавирин препарттарын сатып алады. 2018 жылы Тенофовир препараты вирустық гепатитті емдеу үшін сатып алынады және ЮНИСЕФ халықаралық ұйымымен жеткізілім туралы шарттыӊ шеӊберінде жеткізілетінін айта кетейік.

Бұдан басқа, 2018 жылғы тегін дәрімен қамтамасыз ету тізіміне C вирусты гепатитін емдеудіӊ заманауи хаттамаларына сәйкес Софосбувир және Даклатасвир жаӊа атаулары енгізілді. Осы дәрілерді жеткізуді БҰҰ Даму бағдарламасы арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ биылғы жылы созылмалы гепатит B вирустық инфекциясыныӊ алдын алу үшін және оныӊ ауыр зардаптары, соныӊ ішінде бауыр циррозы және гепатоклеткалы ракқа 445 400 доза вакцина сатып алынды. Балаларды ерте жастан В вирустық гепатитке қарсы вакцинациялау ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны