19.01.2019, 21:50 6603

2018 жылы елде туберкулезбен науқастану көрсеткішініӊ 7,6% төмендегендігі атап өтілген, өлім-жітім - 20,0% , таралуы - 9,3%

Ғаламдық қордыӊ гранттары бойынша тәуекелділігі жоғары топтардыӊ ішінен ТБ қарсы күрес шараларыныӊ тиімділігін арттыру үшін алғаш рет 8 облыста үкіметтік емес 12 ұйымныӊ жұмысы ұйымдастырылды, олар емделу режимін бұзушыларды іздеуге көмектеседі, емдеу профилактикасы бойынша ақпараттық жұмыс жүргізеді, диагностикадан өту үшін пациенттерді алып жүреді.

Алматы. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2019 жылы 16 қаӊтар күні Алматыда Қазақстанда 2018 жылы жүргізілген туберкулезге қарсы күрес шараларыныӊ орындалу барысы туралы баспасөз мәслихаты өтті.

Баспасөз мәслихатына Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігініӊ Фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығыныӊ директоры Мәлік Молдабекұлы ИДЕНОВ,Алматы қаласыныӊ Фтизиопульмонология орталығыныӊ директоры Жанар Иділханқызы СИПИЕВА, Қазақстанда ЖИТС, туберкулез және малярияға қарсы күрес ғаламдық қорыныӊ грантын жүзеге асырушы топтыӊ менеджері Шахимұрат Шайымұлы ИСМАИЛОВ, СТОП ТБ халықаралық Иріптестігініӊ консультанты (Женева) Виктор БУРИНСКИ қатысты.

Баспасөз мәслихатыныӊ мақсаты:Қазақстанда 2018 жылы жүргізілген туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламасын жүзеге асырудыӊ негізгі нәтижелерін жариялау.

Туберкулез бұрынғысынша бүкіл әлемніӊ, Еуро-Азиялық аумақ елдерініӊ, оныӊ ішінде Қазақстанныӊ қоғамдық денсаулық сақтау саласыныӊ елеулі проблемасына саналып отыр. 2014 жылы мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы ДДҰ туберкулезге қарсы күрес Стратегиясын қабылдады, бұл құжат елдерге 2035 жылға қарай туберкулез эпидемиясын тоқтатуға мүмкіндік беріп отыр.

Туберкулезге қарсы шаралар елде Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2014 жылы 31 мамырда бекітілген №597 қаулысына орай Кешенді жоспарға сай жүргізіледі. Оныӊ шеӊберінде қаржыландыру механизмдерін жетілдіре отырып, туберкулезге қарсы ұйымдардыӊ төсек-орын қорын сатылай оӊтайландыру және қайта профильдеу шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар туберкулезге ерте диагностика қоюдыӊ экспресс-әдістері енгізілуде, жаӊа дәрілік препараттар пайдаланылуда, мамандарды үздіксіз оқыту жүргізілуде. Сондай-ақ учаскелік фтизиатрлардыӊ бастауыш желісініӊ мекемелерін сатылай күшейту қолға алынған, бұл консультативтік-диагностикалық көмектіӊ жақсаруына ықпал етпек .

2018 жылы туберкулез бойынша (ВИЧ-инфекциялы балалар мен егде жастағы пациенттер) жоғары қауіп тобындағы балалар мен қарым-қатынаста болған адамдардағы латентті туберкулез инфекциясын диагностикалау үшін республикалық деӊгейде туберкулездіӊ өкпеден тыс түрлерін диагностикалауда да өзекті T-SPOTИ.TB атты гамма-интерферонды тест қолданысқа енгізілді.

Соӊғы 10 жылда барлық аралас құрылымдардағы туберкулезге қарсы шаралар кешенін жүзеге асыру жөніндегі интенсивті және мақсатты жұмыстар Қазақстанда туберкулезбен ауыру көрсеткіштерін 2,2 есе (100 мыӊ тұрғынға шаққанда 2009 жылы 105,3 болса, 2018 жылы 48,2 болды), ал өлім көрсеткішін 5,4 есе (100 мыӊ тұрғынға шаққанда 12,9-дан 2,4-ке дейін) азайтуға мүмкіндік берді.

Туберкулез дертін ерте анықтау үшін елімізде диагностика жасаудыӊ халықаралық стандарттарға сай заманауи әдістері қолданылып келеді. Барлық облыстық, қалалық және өӊірлік бактерологиялық лабораторияларда туберкулез түрлерін жедел анықтау мен шұғыл диагностикалаудыӊ (2 сағат ішінде) XpertMTB/RIF (Genе-Хpert) и Hain-test атты жаӊа инновациялық генді-молекулярлық лабороториялық технологиялары енгізілген. 2017 жылы осы әдістерді кеӊейту мақсатында бұған қатысты мекемелер үшін Жаһандық Қор қаржысынан 33 дана XpertMTB/RIF аппараты сатып алынып, бұған қатысты аудандық мекемелерді,пенитенциарлы жүйені және ЖИТС орталықтарын қоса есептегенде үш пилотты өӊірлерге ( Ақтөбе,Ақмола,Шығыс Қазақстан облыстары) орналастырылды. Диагностикалаудыӊ шұғыл әдістерін енгізу туберкулезді уақытылы әрі дер кезінде дұрыс анықтауға мүмкіндік береді және емдеу сапасы да жақсы болады.

Дәріге тұрақты туберкулезді тиімді емдеуді арттыру үшін елде туберкулезге қарсы жаӊа препараттар пайдаланыла бастады (деламанид, бедаквилин, линезолид, клофазимин).Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрініӊ бұйрығына орай жаӊа препараттар 2019 жылғы сатып алу жоспарына енгізілген (Ғаламдық дәрілік қор GDF арқылы).

Туберкулездіӊ тиімді диагностикасы және емі туберкулезбен науқастанған 162 мыӊнан аса адамды аман алып қалуға мүмкіндік берді, оныӊ ішінде 2009 бен 2018 жылдар аралығында 150 мыӊнан аса ересек адам мен 12 мыӊнан аса бала бар. Соӊғы он жылда сезімтал туберкулезі бар 134 мыӊнан аса науқас емделді (тиімділігі - 87,4% құрады, ал 2018 жылдыӊ нәтижелері бойынша - 89,5% ДДҰ стандарты - 85,0%) және МЛУ ТБ бар 28 мыӊнан аса науқас (тиімділігі 77,4% құрады,ал 2018 жылдыӊ нәтижелері бойынша - 79,9% , мұнда ДДҰ стандарты - 75,0%)

Пациенттерге ыӊғайлы болуы үшін 2018 жылы бақылаудыӊ инновациялық әдісі енгізілді - смартфондарды пайдалану арқылы бейнебақылау емі.

Ғаламдық қордыӊ гранттары бойынша тәуекелділігі жоғары топтардыӊ ішінен ТБ қарсы күрес шараларыныӊ тиімділігін арттыру үшін алғаш рет 8 облыста үкіметтік емес 12 ұйымныӊ жұмысы ұйымдастырылды, олар емделу режимін бұзушыларды іздеуге көмектеседі, емдеу профилактикасы бойынша ақпараттық жұмыс жүргізеді, диагностикадан өту үшін пациенттерді алып жүреді.

Туберкулез бойынша жаӊа нормативті-құқықтық актілердіӊ енгізілуі, ЖИТС/ВИЧ-пен, наркологиялық қызметтермен,ҚР ІІМ қылмыстық атқарушы жүйесі комитетімен, ДДҰ, басқа да халықаралық әріптестермен арадағы интеграция 2018 жылдыӊ нәтижелері бойынша туберкулезге қатысты эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді. 2018 жылы елде туберкулезбен науқастану көрсеткішініӊ 7,6% төмендегендігі атап өтілген, өлім-жітім - 20,0% , таралуы - 9,3%.

ДДҰ миссиясыныӊ 2018 жылға қатысты бағалауына қарағанда, елде туберкулезге қатысты эпидемиологиялық жағдайдыӊ жақсару тенденциясы аймақта еӊ жоғары болып отыр.

Елдіӊ туберкулезге қарсы жетістіктерін халықаралық деӊгейде тану нәтижесі ретінде Қазақстан Республикасы 2018 жылы СТОП ТБ Халықаралық Иріптестігініӊ басқармасына (Женева) енді.

Бүкіл мүдделі мемлекеттік қызметтердіӊ және ведомстволардыӊ интеграциясы, халықаралық және қоғамдық ұйымдардыӊ бірлескен іс-қимылдары туберкулезге қатысты эпидемиологиялық көрсеткіштерді одан әрі төмендетуге ықпал етпек және елде бұл ауруды тұтас алғанда жоюға әсер ететін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны