01.12.2019, 16:36 3645

2019 жылы қоғамдық көлік жұмысын жақсарту мақсатында елордада 5 жаңа бағыт іске қосылды

8 жүйе оңтайландырылды, 5 көшеде қызмет көрсету жақсартылды, 19 бағытттағы автобустардың саны 39 бірлікке артты.

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Елордада 2019 жылы 5 жаңа автобус бағыты іске қосылды.

2019 жылы қоғамдық көлік жұмысын жақсарту мақсатында елордада 5 жаңа бағыт іске қосылды. Бұл туралы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ағымдағы жылы Басқармамен 54 нысанның құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілді: оның ішінде 14-і аяқталды, 4-інде-құрылыс басталды, 36-да-құрылыс жалғастырылуда. Орташа жөндеу жұмыстары жалпы ұзындығы 15,87 км болатын 16 магистралды көшеде жүргізілді.

Сонымен қатар, Агроқалашық, Көктал -1 және 2, Оңтүстік-шығыс, Промышленный, Өндіріс тұрғын алаптарында жалпы ұзындығы 21,6 км 39 көше асфальт жабынымен қамтамасыз етілді. Бөлінген қаржыландыру аясында 23 бағдаршам нысаны салынып, 153 260 м2 жол белгілері жасалды.

Ағымдағы жылы қоғамдық көлік бағытын жұмысын жақсарту және желіні оңтайландыру мақсатында да белсенді жұмыстар жүргізілді.

Осылайша, 5 жаңа бағыт іске қосылды, 8 жүйе оңтайландырылды, 5 көшеде қызмет көрсету жақсартылды, 19 бағытттағы автобустардың саны 39 бірлікке артты.

Басқармада жаңа маршруттарды іске қосу және автобустардың санын арттыру үшін қажетті жылжымалы құрам есептелді, ол 2019-2023 жылдары 483 автобусты құрады, ал 2019 жылы 100 автобусты қажет етті. Сондай-ақ, 2019 жылы 5,9 млрд.теңге көлемінде субсидия төленді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны