10.06.2019, 20:32 9260

2019 жылдың 7 маусымы күні Түркістан облысында инкассаторларды өлтірген күдікті ұсталды

Ер азамат ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабымен, яғни 99-бабы "Кісі өлтiру" және 192-бабы "Қарақшылық" бойынша қылмысты жасаған деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады".

Нұр-Сұлтан. 10 маусым. Kazakhstan Today - 2019 жылдың 7 маусымы күні Түркістан облысында инкассаторларды өлтірген күдікті ұсталды. Бұл туралы Түркістан облысты Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Қайрат Дәлбеков 2019 жылдың 9 маусымында өткізген брифингте мәлім етті.

Оның айтуынша, "2019 жылдың 7 маусымы күні кешкісін сағат шамамен 18:16 өткенде Арыс АПБ-нің кезекшілік бөлімшесіне пошта бөлімінен арыз түскен. Онда екі инкассатор қызметтік көлікпен Задария ауылына барып, одан соң Монтайтасқа барып, поштамен бірге Қожатоғай ауылына бара жатырмыз дегеннен соң сағат 12-лерден кейін байланыссыз кеткен. Екі инкассаторымен бірге із-түссіз жоғалып кеткен қызметтік көліктің ішінде ауыл тұрғындарының зейнетақысы мен жәрдемақысын төлеуге арналған 7,5 миллион теңгеден астам қаржы болған. Күдіктілердің мекен-жайын анықтау мақсатында, барлық іс-шаралар атқарылды. Түркістан облысы Полиция департаменті мен Арыс АПБ-нің арнайы кәсіби мамандардан жедел-тергеу тобы құрылды. Олар із-түссіз жоғалған инкассаторларды арнайы іздеп, барлық аудан орталығына шығар жерлерді, аймақтарды, көшелер мен қиылыстарға қойылған бейнекамераларды тексерді. Куәгерлерден сұрақ-жауаптар алып, қажетті деген шараларды атқарды.

Нәтижесінде біздің жедел уәкілдер сол күні сағат шамамен 20:00-ден асқанда Арыс қаласынан 3 шақырым жерден тастанды көлікті тапты. Ішін тексеру барысында қан іздерін алдық. Осыдан кейін Инкассаторлардың қасақана өлтірілгені белгілі болды. Ал келесі күні таңғы сағат 6:00-де аудан орталығынан 35 шақырым жерден бастарына оқ тиген жарақаттарымен инкассаторлардың мәйітін таптық. Жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктінің тұлғасын анықтадық, сондай-ақ оны тұрғылықты мекен-жайында ұстадық. Күдікті азамат пошта бөлімшесінің қызметкері, 1981 жылғы жергілікті тұрғын болып шықты. Ұсталған азаматтан аңшы мылтығы мен ұрланған ақшалар табылып, тәркіленді. Күдіктінің айтуына қарағанда ол еңбек демалысында жүріп, әріптестерімен бірге барар жеріне жеткізуді сұранған. Содан кейін автокөлік ішінде отырып, екі әріптесін атып, ақшаны алып, бой тасалаған.

Ер азамат ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабымен, яғни 99-бабы "Кісі өлтiру" және 192-бабы "Қарақшылық" бойынша қылмысты жасаған деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады".

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны