19.01.2019, 21:59 5793

2019 жылдыӊ қаӊтарынан бастап мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған "Теӊ IT-мүмкіндіктер әлемі" жастар лагері" атты бірегей жоба іске қосылды

Жоба мүмкіндіктері шектеулі адамдарды IT саласына тарту арқылы әлеуметтік оӊалтуға арналған. Еӊ үздік әлеуметтік бағытталған IT-шешімдерді жүзеге асырған командаларға грант беріледі.

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2019 жылдыӊ қаӊтарынан бастап мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған "Теӊ IT-мүмкіндіктер әлемі" жастар лагері" атты бірегей жоба іске қосылды.

2019 жылдыӊ 22 қаӊтарында Астана қаласында "Теӊ IT-мүмкіндіктер әлемі" жастар лагері" жобасыныӊ басталуына орай баспасөз маслихаты өтеді. Жоба мүмкіндіктері шектеулі адамдарды IT саласына тарту арқылы әлеуметтік оӊалтуға арналған. Еӊ үздік әлеуметтік бағытталған IT-шешімдерді жүзеге асырған командаларға грант беріледі.

"Қазақстан азаматтарыныӊ әлеуетін дамыту "Шеврон" компаниясыныӊ елімізде жұмыс атқарып жатқан 25 жылдыӊ ішіндегі барлық әлеуметтік бағдарламаларға негіз болып келеді. Біз мүмкіндіктері шектеулі адамдардыӊ мәселелерін шешуге күш салдық және жастардыӊ экономикалық мүмкіндіктерін ұлғайттық. Бүгін біз тұсауын кесіп жатқан жобамыз да көпшілікке өзгерісті болатынына үміттіміз", - дейді компанияныӊ өкілі Айнұр Сыдықова.

Жоба мүгедектігі бар адамдарға жұмысқа орналасу барысында бәсекелестікқабілетін дамытуға ықпал етеді. Мүгедектігі бар адамдардыӊ табысқа қол жеткізу жолындағы негізгі тосқауылдары: оқу орындарыныӊ қолайсыздығы, әдістемелік оқулықтардыӊ және басқа да оқытудыӊ балама ресурстарыныӊ болмауы.

Жоба шеӊберінде аралас оқыту сияқты заманауи технологиялар қолданылады, оныӊ құрылымына онлайн-құралдар, инклюзивті тәжірибелер мен әдістер, менторлық бағдарлама және іске асып жатқан жобаларға практикалық тарту кіреді. Нәтижесінде жобаға қатысқандар бәсекеге қабілетті білім мен өз бетімен оқу дағдысын игереді.

"Ерекше Таӊдау-Шелек" Корпоративтік Қорыныӊ бағдарламалау директоры Захира Бегалиева бұл бастамаға былайша сипаттама берді: "Қазір біздіӊ мемлекетімізде мүгедектігі бар адамдарды оқытатын әр түрлі курстар көп. Оқыту жобалары негізінен адамдарды жаӊа біліммен қамтамасыз етеді. Ал "IT-лагерь" бұл білімдерді дәл қазір пайдалануға шабыттандыру үшін қажет, себебі тереӊ білімді адамда кейде білімін пайдалануға дайын емес.

Бұл жоба "Samruk-KazynaTrust" КҚ және "Шеврон" компаниясыныӊ қаржылай қолдауымен жүзеге асады. Жобаныӊ ұйымдастырушылары "Ерекше Таӊдау-Шелек" КҚ "Мойымайтын Мүгедектер Қоғамы" Қоғамдық бірлестігі және "Орталық Азияныӊ Евразия Қоры" КҚ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны